• Спорт
  • 21 Қаңтар, 2022

Спортпен жүйелі түрде айналысатындар қатары көп

Нұр-Сұлтан қаласында бұқаралық  және балалар спортын дамытуға баса назар аударылып, осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде қала тұрғындарының 33 пайыздан астамы спортпен тұрақты түрде айналысады.

Былтырғы жылдың қоры­тындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде  406 552 адам қам­тылды, бұл тұрғындардың жалпы санының 33,08%-ын құрайды. Дене шынықтыру және спорт басқармасы 2021 жыл бойынша қаланың ведомстволық ба­ғы­нысты ұйымдарымен және фе­дерацияларымен бірлесіп, 136 спорттық іс-шара өткізді. «COVID-19» вирусына қатысты қалыптасқан жағдайға орай 419 спорттық жарыс өткізілмеді.

Елордада былтыр алғаш рет бокс орталығы, көркем гимнастика орталығы, жекпе-жек орталығы, жекпе-жек залы ашылды. Бұл орталықтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық құрама және спорт мектептері­нің барлық спортшылары үшін жаттығулар тегін жүріп жатыр. Жаңа бокс орталығында 500-ден астам, Жекпе-жек орталығында 1000-нан астам адам бір уақытта спортпен айналыса алады.

Нұр-Сұлтан қаласында 1016 спорт нысаны бар, оның ішінде: дене шынықтыру және спорт нысандары – 804, оқу орындары – 215, спорт мектептері – 9, оның ішінде жеке – 352 (2020 жылы жалпы саны – 976 нысан). Мұнда күніне 7000 мыңнан астам адам айналысатын 32-ге жуық ірі спорт нысаны бар.

Нұр-Сұлтан қаласында және халықтың жаппай дене шы­нық­тырумен айналысуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында елорданың шеткі «Көктал-2», «Өндіріс», «Үркер» және «Теміржолшы­лар» елді мекендерінде төрт дене шынықтыру-сауықтыру кеше­нінің құрылысы жүргізілуде. Оның екеуі, атап айтқанда «Көктал-2» мен «Өндіріс» елді мекендерінде құрылыс жұмыс­тары аяқталып, қазір оқу-жат­тығу жиындары жүріп жатыр. «Үркер» мен «Теміржолшыларда» спорт кешенінің құрылысын аяқтау биылғы жылдың соңына жоспарланған.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

349 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы