• Отандық өнім
  • 27 Қаңтар, 2022

Бекіре уылдырығы өндіріле бастады

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында орналасқан «Kazakh osseter» зауыты қара уылдырықтың алғашқы партиясын шығарды.

Ғылыми-өндірістік кәсіпорын 7 жылдан бері жұмыс істейді. Ондағы мамандар Каспий теңізіндегі жойылуға шақ қалған бекіре балығының 6 түрін арнайы су бассейндерінде өсіріп, уылдырық өндіруге дайындаған.

«Kazakh osseter» зауытының басшысы Тұрсынгүл Жақыпова­ның айтуынша, балық өсіру және одан уылдырық алу ісіне «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының» білікті қыз­мет­керлері көмектескен.

«Балық шаруашылығы ерекше күтімді, шыдамдылықты талап етеді. Мәселен, балықтан уылдырық алу үшін 2,5 ай бұрын +2 немесе +1 температурадағы қыстау жасақтадық. Содан соң білікті мамандарды шақыртып, балықтарды ультрадыбыстық зерттеуден өткізгенбіз. Тәулі­гіне толғақ шақыртатын Мәс­кеуден арнайы әкелінген 2 екпе салдырдық. Нәтижесінде бекі­реден уылдырық алып отырмыз. Оны мамандар сүзгіден өткізіп, тазартты. Сондай-ақ +72 градуста қайнатылған ыдыстарға уылдырықты салып, оны арнайы технологиямен консервілеп дайындады», – деді «Kazakh osseter» зауытының басшысы Тұрсынгүл Жақыпова.

Бекіре уылдырығы «Kazakh osseter» зауытының Ақтаудағы дүкендеріне сатылымға шыға­рыл­ды. Алдағы уақытта тапсы­рыс­қа байланысты еліміз­дің өзге өңірлеріне жөнелту жоспарлануда.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

145 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы