• Бизнес & Қоғам
  • 03 Ақпан, 2022

Жастарды жұмыспен қамту – жемісті жоба

Ақмола облысында жас­тарды, оның ішінде NEET санатындағыларды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды орындау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар талқыланды.

Статистикалық деректерге қарағанда, Ақмола облысы бойынша 15-28 жастағы NEET санатындағы жастар саны – 11470 адамды құрайды. Бұл санатта бала тууға байланысты демалыста жүрген жас әйелдер, маусымдық қыз­меткерлер мен мүгедектер (ҚР бойынша 8,9%, 6,7%) бар, алайда жастар ресурстық орта­лық­тары жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша олардың нақты саны – 2421-ді (1,4%) құрайды, бұл көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 265 адамға аз (бұрын – 2686 (2%). NEET сана­тындағы жастардың деректер базасы тоқсан сайынғы негізде өзектендіріледі.

«NEET санатындағы жас­тар­ды әлеуметтендіру мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Осы мақсатта облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үй­лестіру басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы бірлесіп осы санаттағы жас­тарды әлеуметтендіру және жұ­мысқа орналасуға жәрдем­де­су бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде», – деді Өңірлік ком­муникациялар қызметінде өт­кен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова.

Былтырғы жылдың алғашқы айында облыстың жастар ре­сурстық орталықтары 94 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетті, сондай-ақ түрлі мәселелер бойынша 416 жас адамға кеңес берілді. Осы жұмысты жүргізу үшін жастар ресурстық орталықтарында осы санаттағы жастармен тікелей жұмыс жүргізетін штаттық психологтар бар. Мысалы, пандемия кезінде NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына онлайн-психологиялық көмек және қолдау көрсетілді.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 14-29 жас аралығындағы 151 615 мың жас азамат тұрады, бұл облыс халқының жалпы санының 20 пайызы құрай­ды. Қала жастарының үлесі 56 пайызды (84 мың адам), ауыл жастары – 44 пайызды (67 мың адам) құрайды.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

1558 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы