• Цифрлы Қазақстан
  • 03 Ақпан, 2022

Жаңа технологиялар өндіріске толық енгізілді

Қазыналы Маңғыстау өлкесінде жарты ғасырдан  астам уақыт мұнай сервисі нарығында қызмет етіп келе жатқан көпбейінді кәсіпорын «Мұнайтелеком» ЖШС – инновациялық технологиялар мен соны жетістіктерді өндіріске енгізу арқылы еңбек өнімділігі мен тиімділігін едәуір арттыруға қол жеткізіп, зымыран уақыт талабымен үндесе білген компания. Осы  ретте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында компанияда атқарылған ауқымды істер мен алдағы жоспарлар туралы «Мұнайтелеком» ЖШС бас директоры Ербол МҰҚАШЕВ әңгімелеп берді.

–  «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком­паниясының 100% еншілес және бағынысты ұйымы болып табылатын серіктестік қызметі­нің басты бағыты клиенттердің  сұранысын және жұмыс тиім­ділігін қамтамасыз ету үшін ин­новациялық технологияларды, сондай-ақ қызметтің жаңа түрлерін дамыту болып табылады.

Бүгінгі таңда «Мұнайтеле­ком» компаниясы өндіріске жаңа ақпараттық технологияларды, соның ішінде Ұшқышсыз ұшу аппараты технологияларын, сондай-ақ «CLADO» сапа менеджменті жүйесі өлшемде­рін белсенді түрде енгізуді қолға алды.

Жаңа перспективалы бағытты дамыту жергілікті жер немесе нысан туралы  кеңістіктік дерек­терді неғұрлым экономикалық және технологиялық тұрғыда негізделген тәсілмен алуға мүмкіндік береді. Яғни ұш­қышсыз ұшу аппараттарының көмегімен кен орындарына мониторинг жүргізу, өзіндік құнын едәуір төмендету және жүргізілетін жұмыстардың мер­зімін біршама қысқарту есе­бінен атқарылатын шаруаның экономикалық тиімділігін елеулі арттыруға қол  жеткіземіз. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданудың ма­ңызды артықшылықтарының бірі – тікелей зерттеу аймағында адамдардың болуын қажет етпей­тіндігіне байланысты адам факторына қатысты тәуекелдерді азайту болып табылады.

Жақында «Мұнайтелеком» ЖШС аэрофототүсірілім жұмыс­тарын жүзеге асырды. «Қаз­Мұнай­Газ» ҰК АҚ топтары, сон­дай-ақ басқа да еліміздің жер қойнауын пайдаланушылардың қажет­тіліктеріне орай ортофотожос­парлар құру үшін жерді кешенді және дәйекті геодезиялық түсіруді орындауға мүмкіндік беретін ұш­қыш­сыз ұшу аппаратын сатып алды.

Өткен жылы «Мұнайтелеком» ЖШС «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үшін Қаламқас кен орнының келісімшарттық аумағында гео-экологиялық аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізді.

2021 жылдың 14 желтоқсанында «Мұнайтелеком» ЖШС ахуалдық орталығында экологиялық және маркшейдерлік қызметтер үшін орындалған жұмыстардың тұсау­кесері өткізіліп, аэрофото­түсірілім нәтижесінде алынған бейне және құжатталған фото-материалдар ұсынылды.

ҰҰА құралдарымен жерді қашық­тықтан зондтау – эколо­гиялық мониторингтің ең тиімді құралы болып табылады. Даулы жағдайлар туындаған күнде жерді қашықтықтан зондтау деректері – бірлескен деректері бар ортофотожоспарлар (коммуникациялар, құбырлар, жолдар, ұңғымалар, жергілікті жер бедері, шекаралас жатқан шаруа қожалықтары, ластану алаңдары) – табиғатқа келтірілген зиянның құжаттық дәлелі болып табылады.

«Цифрлық Қазақстан» мемле­кеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде қолға алынған бастамалар аясында «Мұнайтелеком» ЖШС кеңістіктік деректерді санды түрде тиімді және қолжетімді пайдалану үшін кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын құруды жоспарлаған болатын. Осы ретте 2021 жылы күшіне енген «Қа­зақстан Республикасы геодезия және кеңістіктік деректер туралы» заңының негізінде болашақтың технологияларын дамыту және экономиканы цифрландыру­ды ынталандыруға мүмкіндік бере­тін заңнамалық өзгерістер қабыл­данатын болады.

Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану, оның ішінде М1:500-1:10000 жергілікті жердің ортофотожоспарларын жасау, жергілікті жер бедерінің цифрлық моделін құру, нысандарды векторлау, кен орындары инфрақұрылымы нысандарын түгендеу, кен орында­рындағы ластануларды гео-эколо­гиялық зерттеу жұмыстары қолға алынатын болады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы түсіру негізіндегі ортофотожоспар құны (оның ішінде жер бедерінің цифрлық моделін құруға және фотограмметриялық өңдеуге арналған шығындары) – төмен, ал кеңістіктік рұқсат етілгені өзекті ғарыштық түсірілімдер негізінде дайындалған ортофотожоспардан әлдеқайда жоғары.

«CLADO» САПА  МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

Өткен жылы «Мұнайтелеком» ЖШС қолға алған «CLADO» сапа менеджменті жүйесін енгізу жұмыстары қазіргі уақытта аяқталу сатысында. Осы ретте «CLADO» сапа менеджменті жүйесі дегеніміз не деген сауалға кеңінен тоқтала кетейін. Нақты корпоративтік үдерістерді басқару үнемі өзгеріп отыратын қазіргі жағдайлар аясында стратегиялық және тактикалық міндеттерді тез және тиімді шешуді талап етеді. Әрбір маман өзінің кәсіби қызметінде, тіпті әртүрлі деңгейдегі басшылар да жаңа еңбек құралдарын, соны технологиялар мен стандарттарды ойлап тауып, өндіріске енгізу арқылы өзі басқаратын иә еңбек ететін кәсіпорынның жұмысын ұтымды етуге бейім.

Әлеуметтік, басқарушылық ойлаудың белгілі бір алғышарттары мен ерекшеліктеріне сүйене отырып, корпоративті басқару қашан­да басқару жүйелерін зерттеуді және нақты қызмет жағдайында басқарудың қолданбалы үлгілерін енгізуді, ұйымды дамытуды қажет етті. Осы мақсатта күрделі өндіріс процестерінің әр сатысында өнімнің, ресурстардың сапасын бақылау үдерістерін және басқару әдістерін сипаттайтын сапа менеджменті стандарттары әзірленді.

Бірінші Халықаралық сапа ме­недж­менті стандарты – ISO 9001 стандарты болды. Сондай-ақ басқарудың бірнеше ұлттық стандарттарын атап көрсетуге болады:

• PMBOK (АҚШ);

• PRINCE2 (Ұлыбритания);

• Ұқыпты өндіріс (Жапония).

Жоғарыда аталған ұлттық стан­дарттардың авторлары ISO9001-де көрсетілген ұйымдардың жұмыс сапасына қойылатын талаптарды белгілі бір дәрежеде орындауға тырысады.

Корпоративтік басқарудың осы стандарттарының дамуы ұлттық ойлаудың ерекшеліктерін, осы аймақтардағы жеке және ұжымдық еңбекті ұйымдастыру мәдениетін ескере отырып жүзеге асырылды. Сондықтан бұл Ресей Федерациясында жоғарыда аталған тұжырымдамалар мен басқару стандарттарын сөзсіз және толық пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Ресейлік ғалымдар мен мамандар әзірлеген «Кладо» сапа ме­неджменті жүйесі әлемнің әр түрлі елдеріндегі еңбекті ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Жүйе кез-келген ел үшін кәсіби қыз­меттің барлық түрі бойынша іскерлік процестерді басқарудың әмбебап қағидаларының (нұсқау­лықтарының) қажетті және жет­кілікті жиынтығын, сондай-ақ мамандар даярлау бағдарламасын қамтиды. Бұл жүйе кез келген ма­манның, бөлімшенің жобалық және тұрақты қызметін басқару сапасын барынша жылдам арттыруға және жалпы корпоративтік басқару жүйесін күшейтуге мүмкіндік береді.

«КЛАДО» сапа менеджменті жүйесі – бұл күрделі өндірістік процестерде жүйені практикалық қолданудың оң нәтижелері бар басқару құралы.

«КЛАДО» сапа менеджменті жүйесі бір уақытта ISO халықаралық стандартының идеясын және менеджмент саласындағы басқа тұжы­рым­дамаларды, тәсілдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни компанияның немесе мекеменің жоғары басшылығын ISO-да дамыған менеджмент талаптарына тез қол жеткізу үшін барлық қызметкерлердің жұмысын сапалы ұйымдастырудың құралымен қамтамасыз етеді.

«КЛАДО» сапа менеджменті жүйе­сі Ресейдің, сондай-ақ АҚШ Халық­аралық патенттік және авторлық құқық тізілімінде тіркелген менеджмент саласындағы көптеген ғылыми жаңалықтарға ие. Атап айтқанда:

• Бірыңғай процестік желіге интеграциялау мақсатында кез-келген қиындық пен ауқым бойынша бизнес-процестерді сипаттау мен жүйелеудің әмбебап технологиясы;

• Шығындарды азайту, ресурстарды басқару сапасын арттыру мақсатында әр түрлі өндірістік ресурстардың әмбебап жіктеуіші;

• Ұйым қызметкерлері арасын­дағы өзара іс-қимылдың және жалпы ортамен өзара қарым-қатынас­тың этикалық-адамгершілік қағидат­тарының пирамидасы;

• «Жалпы басқару терминдерінің сөздігі» белгілі бір терминнің нақты және толық мағынасын, сипаттамасын ашатын жалпы басқару терминдері мен анықтамаларының қажетті және жеткілікті санын пайдалану арқылы бірыңғай тұжы­рымда­малық аппаратты қабылдау мақсаты;

• Жұмыс барысындағы әр түрлі жағдайларда әріптестердің, контр­агенттердің үлгі етерлік мінез-құлқы қандай болуы керектігі туралы, қыз­меткерлер арасындағы жасырын және ашық қақтығыстардың санын азайту мақсатындағы «Жалпы басқару ережелерінің жиынтығы» ;

• Кез-келген компанияның немесе мекеменің, демек, кез-келген қызметкердің, ұжымның өзін-өзі ұйымдастыру деңгейін жоғарылату мақсатында құрылған бес негізгі субъектінің сипаттамасы;

• Ұйым ішінде қызметкер­лер­мен, контрагенттермен қарым-қатынас сапасын жақсарту мақса­тында «Ұйымның бірыңғай семан­тикалық желісінің» архитектурасы;

• Көптеген біріктірілген мәлі­меттер базасынан/қызметкер­лердің білімінен тұратын ұйымның бірыңғай дерекқорын/білімін пайдалану мақсатында «Қызметкердің сандық қалтасының» әмбебап архитектурасы;

• Тәуекелдерді ұйымдастыру мен басқарудың, бизнес-процестер мен стратегиялық жоспарлау сапасын арттыру мақсатында «Аумақтық құрылымдардың макроэкономикалық процестерінің әмбебап матрицасы» және «КЛАДО» сапа менеджменті жүйесінің басқа элементтері. Бұл ұйымға қысқа мерзімде жұмыс про­цестерін басқарудың жаңа, жетіл­дірілген деңгейіне өтуге мүмкіндік береді.

10439 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы