• Цифрлы Қазақстан
  • 11 Ақпан, 2022

670 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алады

Бүгінгі таңда жалпы Түркістан облысы бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны – 670 223 адам. Оның ішінде 177 411-і жасына байланысты зейнетақы, 171 025 – базалық зейнетақы, 321 787 адам – жәрдемақы алады.

Бұл туралы брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев мәлім­деді. Оның айтуынша, департамент өткен жылы әлеуметтік қорғау саласы бойынша 158 783 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Қолжетімді орта қалыптастыру бойынша 94 бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 38 лауазымды тұлға­ға әкімшілік айыппұл салынған.

«Статистикалық мәлімет­терге сәйкес, 2022 жылдың ба­сында облыста мүгедектігі бар адамдар­дың саны 96 748-ді құрады. Бұл облыс халқы санының 4,7%-ы, ал республика бойынша жалпы мүгедектер санының 13,8%-ын құрайды. 2021 жылы 6 139 адамға алғашқы рет мүгедектік рәсімделген. Өткен жылы облыс көлемінде оңалту техникаларымен және әлеуметтік қызметпен 50 мыңға жуық азамат қамтамасыз етілді. Биыл департамент тарапы­нан ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімделген 516 нысанды құрылыс нормалары стандарт талаптарына сәйкес­тігіне тексеру-бақылау жұмыс­тарын жүргізу көзделген», – деді Руслан Кәрібайұлы.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан департамент бас­шысының меди­циналық-әлеу­меттік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары Ернар Айдарбекұлының айтуынша, өткен жылы толық оңалтудан өткен мүгедектердің саны 1 190 адамды құраған. Жаңа заңға сәйкес, 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектік тобын тағайындау нормасы ен­гізілді және алатын жәрдемақы мөлшері де өскен.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

22125 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы