• Ақпарат
  • 11 Ақпан, 2022

Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы

Қазақстандықтар ел экономикасының өсуімен қатар, денсаулық сақтау жүйесінің нығаюын, ал медициналық қызметтердің мейлінше қолжетімді әрі сапалы болуын қалайтыны табиғи жәйт. Бұл ретте біз де қоғам болып, мемлекет болып осы міндетті шешу бағытында жұмыс істеуге тиіспіз. 

Өйткені, халықтың денсау­лығы – еліміздің басты байлығы. Ал, осы байлықтың жақсаруы, ең алдымен, әр адамның өз басына байланысты. Кезінде Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев саналы ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурудың алдын алу шаралары жөнінде дәрігерлер мен биліктің алдына міндет қойды. Елімізде ең көп реформа жүргізіліп, жаңа технологиялар енгізіліп жататын салалардың бірі – денсау­лық сақтау саласы. Денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдық­тармен қамтамасыз етуге, дәрігер мамандарды қайта даярлауға айтарлықтай қаржы бөлінуде. «Қазақстан – 2030» стратегия­лық бағдарламасына отбасын жоспарлау мәселесінің енгізілуі жайдан-жай емес екендігі анық. Ендеше, отбасы мәселесі, оны жос­парлау дегеніміз – әйел­дердің өсімталдық, яғни өсіп-өну үрдісін қадағалау ар­қылы денсаулығын сақтау және жақ­сарту болып табылады.
Қандай елдің болсын демо­графиялық, экономикалық, еңбек және әлеуметтік әлеуетін арттыру халықтың және ең алдымен ана мен баланың ден­саулығына тікелей байланыс­ты болады. Міне, сол себепті, Қазақстан Рес­публикасында да ана мен баланы қорғау – ел­дегі денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі болып отыр. Сондықтан да, ана өлімімен күрес бүгінде денсаулық сақтау ісіндегі ең өзекті міндет, ардақты борыш саналады.
Бала денсаулығы мемлекет­тің ең басты мәселесі болуға тиіс. Себебі, болашақ жас­тар қоғамға зор үлес қосатыны белгілі. Қазіргі таңда елімізде балалар арасында небір түрлі әлеуметтік мәселелер жеткілікті. 
ЮНИСЕФ-тің зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы және әлем­дегі балалардың өлімі мен ем­деуге жатқызудың бас­ты себеп­терінің бірі – жарақат болып табылады. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғаш рет АИТВ-мен өмір сүріп жатқан балалар мен жасөспірімдер үшін психологиялық-әлеу­меттік қолдау көрсететін стандарттарды әзірлеп, оларды қызмет көрсетушілердің тұрақты тәжірибесіне енгізді. Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен жұмысының арқасында, АИТВ және басқа созылмалы аурулары бар жасөспірімдердің психологиялық-әлеуметтік игілікке ие болу құқықтарын іске асыратын қызмет көрсету стан­дарттары алғаш рет пайда болды. Стандарттардың ішінде психологиялық, когнитивтік, әлеу­меттік және эмоционалдық қажет­тіліктерді қанағаттандыруға арналған дербес қызметтер топтамасы бар және мәртебені ашып көрсетуге, емделу тәртібін ұста­нуды қолдауға, жасөспірімдер үшін АИТВ-ге тестілеу қол­же­тімділігін жеңілдетуге, интегра­­ция­ландырылған көмек көр­сетуге, сонымен қатар АИТВ-сы бар жасөспірімдермен тең дәрежеде қарым-қатынас орнатуды қолдайтын диалогты құруға баса назар аударылады. Сонымен қатар мамандар баланы емшек сүтімен емізуді дұрыс деп санайды. 2006 жылдан бастап, Қазақстанда 6 айға дейін балаларды тек емшек сүтімен емізудің көрсеткіш­тері 16,8 %-дан 2015 жылы 37,8 %-ға дейін өсті. Қазір бұл көрсеткіш 40 пайыздан асып түсті. 
Ана мен бала денсаулы­ғын қорғау әрбір адамға қатысты. Ана денсаулығы деп жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезіндегі әйелдер ден­сау­лығын айтамыз. Жаңа туыл­ған нәрестелер денсаулығы – олардың өмір сүруіндегі алғашқы айдағы денсаулығы. Әлемнің кейбір аймақтарындағы медико-сани­тарлық көмек алудағы әді­лет­сіздік – жоғары ана өлімін және бай мен кедей арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Жалпы ана өлімі оқиғалары (99%) дамушы елдерде болып жатады. 
Қазақстанда 6 айға дейінгі сәбилерді емшек сүтімен емізу ауылдық жерлерге қарағанда қа­лалық жерлерде кеңінен тарал­ған (сәйкесінше 34,4 % және 29,2 %). Ерте емізудің болмауы тыныс алу органдарының аурулары, гипотермия, диарея және жұқпа­лы аурулардың пайда болуының себебі болып табылады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

8969 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы