• Бизнес & Қоғам
  • 17 Ақпан, 2022

Өніміміз жоғары бағаға ие болды

Мәскеуде өткен «ПРОДЭКСПО-2022»  азық-түлік, сусындар мен шикізаттың халықаралық көрмесінде 43 қазақстандық өндірушінің өнімдері қойылды. Жалпы, көрмеде әлемнің 54 елінен 2050-ден астам компанияның өнімдері ұсынылды. Қазақстан биыл ТМД аумағындағы ең ірі азық-түлік көрмесінің бас серіктесі болды.

Көрменің ашылуында сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев «ПРОДЭКС­ПО-2022»  алаңындағы көрмеге жоғары бағасын берді.

Отандық экспозицияның ең ауқымды стендтерінің бірін  Орталық Азиядағы балмұздақтың ірі өндірушісі «Шин-Лайн» компаниясы алып отыр, ол биыл Алматы қаласының маңын­дағы жаңа фабриканың құры­лысын аяқтамақ. Компания шет­елдік нарықтарға алғашқы қазақстандық балмұздақ экспорттаушы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияның өнімдері Ресей, Беларусь, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, Әзір­бай­жан және Моңғолияда жақсы танымал.

«Жыл сайын біз тұтынушы­ла­рымыз бен серіктестерімізге біздің қорымызда әрқашан нарықтан өзгеше, стандартты емес өнімдер бар екенін көрсетеміз. Бүгінгі таңда компания жылына 15 мың тоннадан астам балмұздақтың 140 түрін шығарады. Биыл біз шамамен 15 жаңа өнімді ұсынып отырмыз. Біз ассортиментті жаңарту бойынша жоспарлы түрде жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан халықаралық және отан­дық серіктестеріміз әрқашан бізге сене алады», – деді компания басшысы Андрей Шин.

Компанияның алдағы жос­пары – Украина мен Түр­кия нарығына шығу. Жер­гі­лікті се­рік­­тестер тарапынан үлкен қы­зы­ғушылық бар, тиісті меморандумдар жасалды. Қазір «Шин-Лайн» маман­дары заңнаманың ерекше­ліктерін зерттеп, болашақ ын­ты­мақ­тастық нұсқаларын пы­сықтауда.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

1302 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы