• Бизнес & Қоғам
  • 24 Ақпан, 2022

Тартымды әрі маңызды жоба іске қосылмақ

Алматы облысында А+ класты автоматтандырылған, алаңы 200 мың шаршы метр болатын Қазақстандағы ірі логистикалық хаб салынады. Соның нәтижесінде облысқа 200 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылады.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен «AIRBA FF» ЖШС Директорлар кеңе­сінің төрағасы, «Технодом» компаниясының негізін салушы Эдуард Ким осындай меморандумға қол қойды. Кездесуде Қ.Бозымбаев осы ірі инвестициялық жобаны іске асыру өңірдің логистикалық әлеуетін дамытып қана қоймай, тұтастай алғанда облыс экономикасына мультипликативті нәтиже беретініне атап өтті.

Өз сөзінде Эдуард Ким бас­тамаларына қолдау көрсеткені үшін облыс басшылығына ризашалығын білдіріп, жобаның ерекшеліктеріне тоқталды.

Қол жеткізілген келісімге сәйкес маңызды инвестициялық жоба алдағы 5 жылда бірнеше кезеңмен іске асырылады. Кешен Іле ауданында орналаспақ.

Өзінің негізгі функциясы­мен қатар нысан клиенттер тарту мен өнімдерді орналастыруға арналған «Airba Marketplace» онлайн-сөресін пайдалануға жағдай туғызады. Сол сияқты «Airba Fintech» онлайн-плат­фор­масының мүмкін­дік­терін пайдалана отырып, ауыл шаруа­шылығы тауар өндіру­шілері жеңілдікпен қаржыландыру мен айналым қаржысын толықтыруға қол жеткізе алады, өз тауарларын делдалдардың қатысуынсыз ірі сауда желілерінде сату жөніндегі келісімшарттар жасаса алады, ал жас мамандар тұрғын үй сатып алуға немесе баспана жағдайын жақсартуға қолжетімді ипотека ала алады. Бұл қызметтерге жүгіну үшін қаржы институттарына барудың, мәліметтерді қағаз жүзінде апарудың қажеті жоқ, қызметтер онлайн-режимде көрсетіледі.

НҰРЛАН ҚҰМАР

1160 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы