• Бизнес & Қоғам
  • 03 Наурыз, 2022

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Еліміздің тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев кезінде өз жолдауларында ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі екенін атап өткен болатын. Осыған орай денсаулық сақтаудың ұзақ мерзімді бағдарламасы жасалып, бірыңғай стандарттар енгізілген еді.

Ұлт денсаулығы үшін салауатты тамақтану – адам денсаулығын өмір бойы нығайту мен сақтау­дың басты факторы. Ас үлесі, егер дұрыс тамақтанудың негізгі ере­желері мен қағидаларын біліп, сақтаса, айтарлықтай алдын алуға болатын жүрек, қантамыр аурулары (инфаркт, инсульт), обыр, қант диабеті сияқты созылмалы инфекциялық емес аурулардың қауіп-қатер факторларының бірі ретінде басты рөл атқарады. Салауатты тамақтану адам денсаулығы­на оң ықпалын әсер ететіні сөзсіз. Мәселен, спортшылардың көбісі азық-түлік сапасына ерекше мән береді. Әсіресе, «спорт падишасы» болып саналатын кәсіпқой жеңіл атлеттер дұрыс тамақтануға үнемі назар аударады.

Жасыратыны жоқ, біздің қазекем ет пен майлы тамақты көп жейді. Бұдан басқа қаракөз қандастарымыз түнгі уақытта қонақ күтіп, ет жеуді дағдыға айналдырған. Түнгі уақытта жеген тамақтың пайдасы болмайды. Ол адам ағзасына дұрыс сіңбейді. Керісінше зияны көп болады. Неге десеңіз, бұл уақытта адам­ның биологиялық белсенділігі төмендейді. Осы кезде адам ағзасы дұрыс қорытпайды. Ал етті көп жеу холестеринді көбейтеді. Ауылдағы қазақтардың көбісі ет жеп, сорпа ішіп ұйықтап қалады. Ауыр тамақтан кейін жеңіл қимыл керек. Әйтпесе адам ағзасына көп күш түседі. Асқазан қорыта алмай қиналады. Бауыр мен бүйрек жұмысы әлсірейді. Осыдан барып біздің қазақ халқы аурушаң болып, егде жасқа келген кезде бетіне әжім түсіп, жүре алмай, түрлі ауруларды басына тілеп алады. Бір қызығы, қазекемдер дәрігерге бірден қаралмай, тек әбден шегіне жетіп, ауру өршіген кезде тамырын ұстатып жатады. Ал, тамақты жатардан кем дегенде екі сағат бұрын ішу қажет. Қазақ жастары таңертең молынан тамақтанбайтынын аңғар­дым. Әр жерде журналистік зерттеулер жүргізгенімде жастар азанғы уақытта апыл-ғұпыл киініп, ұялы телефонына ұзақ үңіліп, бір кесе шәйді іше сала сабағына қарай асығып кететінін байқадым. «Таңғы асты тастама» демей ме дана халқымыз. Себебі, таңертең ішілген ас адам ағзасына тез тарайды. Бұл кезде адамның био­логиялық белсенділігі артады. Кез келген тамақ адам бойына күш береді. Асқазан ауруы­ның алдын алады. Алайда, қазақ халқы салауатты тамақтанбаудың салдарынан өзіне-өзі ауру жамап жатқаны белгілі. Меніңше, әлі де болса тамақтанған кезде оның мәдениетін біле бермейтін сияқтымыз.

Салауатты дұрыс тамақтану зейнеткерлік демалысыңызды жеңіл де жайлы өткізуге кө­мектесері анық. Сондықтан, бәрі де өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Иә, дүние шіркін аққан судай сарқырап жатыр. Данышпан Толстой: «Диабет – байлардың ауруы» десе, кедейлер не істеуі керек деп ойға шоламын. Кедей жаяу жүріп, жақсы тамақтану керек. Атқа мініп, көкпар тарту жігітке сын болса, бұл күнде жаяу жүру – адамзатқа сын.

НҰРЛАН ҚҰМАР

2266 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы