• Бизнес & Қоғам
  • 18 Наурыз, 2022

Әркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс

Сүт безі обыры елімізде әйелдер арасында өршіп тұр. Соңғы кезде бұл ауру жасарып келеді, тіпті 40 жастағыларға да ауыз сала бастапты. Осыған орай, Besins Healthcare компаниясы әйелдер ауруының алдын алу, денсаулығын нығайту мақсатында дәрі-дәрмектерді шығарды. Қазақстанның 7 қаласында  (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен) онколог-маммологтар тегін жұмыс істеп, әйелдерді тексеруден өткізу жұмыстарын жүргізуін ұйымдастырып келеді. 

Бұл науқан жылына екі рет өткізіледі. Алғашқы бірінші кезең келесі айда басталмақ. Бұл іс-шара сүт безі обырына қарсы күреске бағытталған. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, сүт безі ауруына кеңес алғысы келгендерге тегін кеңес беріледі.

Жыл сайын елімізде орташа есеппен алғанда 3500 әйел сүт безі обырына шалдығады екен, оның 1400-ы, яғни 45 пайызға жуығы өкінішке орай қайтыс болатын көрінеді. Әсіресе аты жаман осы дерт 58-61 жастағы әйелдерде көп ұшырасатыны анықталған.

Дәрігерлер алдымен «Talayeva» клиникасында кеңес сұрай келген әйелдерді қабылдап, кеш­кісін Алматыдағы «Навотель» қонақүйінде қайрымдылық акция­сын өткізді. Басқосу барысында онколог-маммолог, «talayeva clinic» орталығының жетекшісі Шынар Талаева, эндокринолог-дәрігер, Anti-age медицинасының маманы, «DARUS», «DARUS+» клиникасының негізін қалаушы және бас дәрігері Жанна Азимова бұл аурмен қалайша күресу керектігі жайлы тың деректерді тілге тиек етті. 

Бүгінде әрбір науқас және әрбір қыз-келіншек сүт безінің қатерлі ісігі үкім емес екенін түсінуі керек. Себебі ауруды мей­лінше ерте кезеңде анықтаса, оны жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Заманауи терапия әдістерінің арқасында тіпті аурудың кеш сатысында да оны жеңуге болатын әдістер пайда болып жатыр. Әйтсе де науқастың өмірін ұзартатын басты талаптың бірі ерте диагностика болып қала береді.

Сүт безінің қатерлі ісігі – бұл әрбір оныншы әйелде кездесетін қатерлі жаңа түзіліс. Омырау обырын кез келген жаста анықтауға болады. Бірақ 65 жастан асқан әйелдерде бұл қатерлі ісіктің пайда болу қаупі осы жасқа дейінгілерге қарағанда 6 есе жоғары.

«Қатерлі ісіктің пайда болуы­ның жоғары қаупі міндетті түрде жаңа түзіліске алып келмейді. Қауіп тобына жататын әйел мүлде обыр ауруына шалдықпайтын жағдай кездесіп жатады. Сонымен қатар онкопатология дені сау әйелде анықталуы да ықтимал. Сондықтан өз денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарау және сүт бездерін уақытылы тексеруден өткізу маңызды. Қатерлі ісікті ерте анықтау өмір сүру мүмкіндігін арттырады»,– дейді белгілі онколог дәрігер Екатерина Чернова.

Диагностиканың негізгі әдісі – маммография. Сүт бездерінің бұл рентгтендік зерттеуі скринингтік тексеруді тез әрі қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. Маммография сүт безі қатерлі ісігін клиника­лық симптомдар болмаған жағдай­да ерте кезеңде анықтай алады және қатерлі ісік бар болса, ауруды растай алады. Бірқатар жағдайда науқасқа тамырішілік контрастпен сүт бездерінің МРТ тағайындалады.

Қатерлі ісікпен ауыратын науқас үшін теңдестірілген та­мақтану және емдеу кезінде сал­мақ салмау өте маңызды. Атап айтқанда, жуылған жемістер мен көкөністерді мұқият жуып, мүмкіндігінше пиллингтен өткізу ұсынылады. Маусым ішінде осы тағам өнімдерін пайдалану барлығымыз үшін жарамды ұсы­ныс болып табылады. Теңгерім­ді тамақтану туралы айтқанда, ақуыз, көмірсулар мен майлар бел­гілі бір мөлшерде қабылданып, өсімдік майы мен өсімдік ақуыз­дарын мүмкіндігінше көп тұты­нылатындығын түсіну керек. Сондай-ақ, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысу ұсынылады, әсіресе сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу үшін.

Қазіргі уақытта, молекула­лық онкологиядағы жетістіктерге орай, сүт бездерінің қатерлі ісігін емдеуде маңызды қадамдар жасалды. Мақсатты терапия мен жаңа технологиялардың дамуымен сүт бездерінің қатерлі ісігін емдеу әлдеқайда сәтті. Алайда, метастатикалық сүт безінің қатерлі ісігі созылмалы ауру ретінде қарастырылатындығын және емдеу үздіксіз болуды қажет ететінін білу керек.

Құдайға шүкір, елімізде онко­логиялық ауруларды тегін емдейді. Сәулелік ем мен операциялар да тегін. Ал қатерлі ісікке күдік болса, КТ, МРТ сынды диагностикадан да ақысыз өтуге болады. Ол үшін тек өзіңіз тіркелген емхананың онкологына барып, тексеруге жолдама алу керек. Бұл дертпен күрестегі маңызды қадам. Өйт­кені неғұрлым ерте анықталған аурудың емі де жеңілдеу келетінін ұмытпағаныңыз жөн.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

1758 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы