• Білім & Ғылым
  • 31 Наурыз, 2022

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» жоғары мектебінде «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Несіпкүл Байболтаеваның атындағы магистрлік кабинет ашылды. 

Шараның ашылу салтанатында университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс бойынша проректоры Есенбай Исламов, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, проректор Асан Сатмурзаев, «Бизнес және құқық» жоғары мек­тебінің деканы Ғабит Дулатов, «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы  Назымгүл Бердімұрат және де көптеген ғалымдар мен құрметті азаматтар Несіпкүл Байболтаеваның университетке атқарған жұмыстарын атап өтті. Ал «Есеп, аудит және қаржы» кафе­драсының профессоры, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Бизнес және құқық» жоғары мектебі ака­де­миялық комиссиясының төр­­айымы Ажар Бейсенбаева Несіпкүл Әбдуәліқызы ұзақ және мәртебелі еңбек жолында, кәсіби қызметін кіршіксіз атқаруда басқаларға үлгі болатындай адалдық пен әділдік танытып, зор ілтипатқа бөлен­гендігін, ол кісі даярлаған жас  мамандардың қазіргі кезде эко­но­микамыздың әр саласында жемісті қызмет атқарып, келелі істер тізгінін ұстап жүруі бүгінгі таңда мақта­нышпен айтуға тұрарлық екендігін атап өтті.  

Былтыр дүниеден өткен Несіпкүл Әбдуәліқызы  шын мәнінде өзінің ғылыми-пе­да­го­гикалық қызметін рес­публикамыздың жоғары білім беру саласының дамуы­мен тығыз байланыстырған білікті педагог-ғалым болған. Ол жоғары білім беру саласында 40 жылдан артық еңбек етті. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің теориясы мен методологиясын  белсенді зерттеуші ретінде шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын ауылшаруашылығы құры­лымдарының (шаруа қожа­лықтары, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шек­теулі серіктестіктер) есебін ұйым­­дастыру мен қаржылық есеп­­тілігін құрудың ғылыми негіз­делген әдістемесін жасау жолын­да ерекше үлес қоса білді.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

4541 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы