• Бизнес & Қоғам
  • 07 Сәуір, 2022

Сапа және қауіпсіздік – стандарттау саласындағы басымдықтар

Қазіргі таңда қоғамдық өндірісті дамыту, ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығын арттыру, еңбек өнімділігі мен өнімдердің сапасын жетілдіру бағытындағы жұмыстар тек стандартты қолдану арқылы жүргізіледі. Бүгінгі күні стандарттау біржақты, аймақтық және әлемдік сауда контексінде коммерциялық саясат құралы ретінде жиі пайдалануда. Ал отандық тауар өндірушілер еліміздің ішкі нарығына кіру үшін импорттаушы елдерге қарағанда Еуропалық одақ, Америка, Қытай және Ислам мемлекеттері сияқты экспорттық нарық талаптарын орындауға едәуір шығын  шығарады екен.

Осы ретте, аталған тақырыпқа орай Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазстандарт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру департаментінің басшысы Асқар СОПБЕКОВПЕН сұхбаттасқан едік.

–Асқар Намазбайұлы, стандарт­тарды экономикаға енгізу арқылы елімізбен қоса алыс-жақын шет мем­лекеттерді жоғары сапалы өнім­дермен қамтамасыз етуге және өндірістік шикізат пен ресурстарды тиімді әрі үнемді пайдалану үшін отандық тауар өндірушілерге жеңілдіктер қарас­тырылған ба?

– Негізі әлемдік қауымдастықта стандарттау өңірлік, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жүзеге асырылады. «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өнім өндірушілерді нормативтік-техникалық құжат­тармен қамтамасыз етеді. Осы мақсатта еліміздің өндірушілеріне мемлекет бизнестің өз қаражаты есебінен стандарттарды әзірлеу мен енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу түрінде қолдау ұсынылады. Заңды және жеке тұлғалардың стандарттарды әзірлеуге жұмсаған шығындарын ең алдымен Қазақ­станда өндірілген отандық өнімдерді алыс-жақын шет мемлекеттерге экспорттау арқылы олардың нарықта өтімділігін кеңейтуге ықпал ететін заманауи озық стандарттарымыз осы бизнестің қажеттілінен туындап отырған жайы бар. Шын мәнінде, өнімдерге берілетін стандарттарды әзірлеу бағасының шарықтауына байланысты отандық кәсіпорындар өндірген өнімдерінің жаңа түрлеріне стандарттарды дайындау мүмкіндігін жоғалтып отыр. Өйткені, сапалы да қажетті өнімдер көрсеткішіне қол жеткізу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының жақсаруы мен өнімдерге тиісінше зертханалық сынамалар жүргізіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы техникалық құралдармен қайта жабдықталуы керек. Осылайша стандарттау саласындағы жұмыстарға ғылыми зерттеулерді қолдана отырып құжаттар жаңадан әзірленіп енгізілуі тиіс. Жоғарыда атап өткеніміздей, бүгінгі күні институт тарапынан «Әзірленген және енгізілген стандарттар үшін шығындарды өтеу мәселесі бойынша» қағидалардың жобасы ұсынылуда. Бұл жоба алғашқы кезекте бизнестің ұлттық және мемлекетаралық стандарттарын әзірлеуге жұмсалған шығындарын өтеу тетігін қарастыруды, кәсіп­керлік қоғамдастық байланысты нығайтуды, стандарттарды әзірлеу барысында туындаған өзекті мәселе төңірегіндегі қабылданған шешімдер мен отандық өнімдерді сыртқы нарыққа шығару кезінде бәсекеге қабілеттілігін арт­тыруға ықпал ететін болады деген ойдамыз. Бұл жағдайда шығындар өтемінің жанама әсерін ескеру де аса маңызды болмақ. Ол үшін жұмыс орындары көбірек ашылса сапасы мен бағасы жоғары сынақтар жүргізіп, сол арқылы стандарттарды әзірлеуге бизнестің қызығушылығын одан әрі арттыруға мүмкіндік туар еді.

– Елімізде стандарттау жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру мақса­тында техникалық реттеу саласын­дағы уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік стандарттау жоспарын жыл сайын әзірлеп бекітеді. Осыған байланысты биылғы жылға бекітілген ұлттық стандарттау жоспары туралы ойыңызды білсек?

– Ұлттық стандарттау тиісті мемлекеттік органдар тарапынан бір мемлекеттің шеңберінде жүзеге асырылып, бір елдің деңгейінде жүргізілетін стандарттар. Оларға ғылыми-техникалық прогресті жеделтету, қоғамдық өндірістің тиімділігін, өнімдердің сапасын жақсарту мен тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін нығайту сияқты өндірілетін өнімнің тиімді номенклатурасы бекітіледі. Соған сай, Қазақстан Республикасы Стандарттау туралы заңының 4 тарау 21 бабына сәйкес, стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау ұлттық стандарттау жүйесінің стратегиялық мақсаттары мен даму бағыттары есепке алынып жыл сайын жүзеге асырылады. Бұған негізінен техникалық және экономикалық ақпараттың ұлттық классификаторлары мен аймақтық стандарттар жатады. Стандарттау жөніндегі жұмыстар­ды жоспарлау ұлттық стандарттау нысанында жүргізіледі. Бүгінгі күні Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 2023 жылға арналған ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру бойынша жұмыстарды қолға алды. Осыған байланысты кәсіпорындар өздерінің өнімдерін өндіру үшін қажетті ұлттық стандарттарды әзірлеуге берілген өтініштер бюджеттік қаражат есебінен тегін негізде іске асырылып жатқанын  тағы бір еске салғым келеді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы қазан айының орта шенінде 10 ұлттық жоба  тізбесін бекіткен болатын. Стан­дартқа қатысты аталған жоба­лардың негізінде атқарылатын істеріңіз қандай? Жұмыс нәтижелі болуы үшін басымды бағыттар белгіленді ме?

– Биылғы жылға арналған ұлттық стандарттау жоспарының жобасын қалыптастыру мақсатында бүгінгі күні 623-тен аса өтініш келіп түсті. Соның ішінде 201-і субъектілерге тиісілі. Орталық мемлекеттік органдардан – 79 (Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі-45, Денсаулық сақтау министрлігі-11, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен - 5, Ауылшаруашылық министрлігінен - 4, Қаржы министрлігі-2, Шымкент қаласы бойынша экология департаменті- 3,Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті- 1, Ішкі істер министрлігінен - 8). Жергілікті атқарушы органдардан берілмеді. Қауымдастықтардан–12, кәсіпорындардан –118, оның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпорындар палатасы арқылы–34, стандарттау жөніндегі Техникалық комитеттен–199, «Қазстандарт» респуб­ли­ка­лық мемлекеттік кәсіп­орнынан – 215 өтініш-ұсы­ныс­тар болды. Келіп түскен өтініш жаз­баларын зерделеп, саралау нәти­жесінде үстіміздегі жылы ұлттық стандарттау жоспарының жобасына стандарттарды әзірлеу бойынша 340 өтініш пен ұсыныс қосылды. Техникалық комитеттерден 149 өтінім енгізілді. Бизнестен 38 өтінім беріліп, Жоба менеджерлерінің одағы-3, Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы -1, «QAZPROPERTY» басқарушы және сервистік компания­лар қауымдастығы - 2, «УПТК» ЖШС - 4, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - 2, «Қарағанды Су» ЖШС-1, «Жылу энергетикалық машина жасау кәсіпорындарының қауымдастығы»-1,«Ера-Алматы»ЖШС-1, «ҚазТрансОйл» АҚ - 2, «Halalqulity» ЖШС - 2, «ҰАО» ЖШС - 7, «ЕПК Степногорск» АҚ - 1. «Есіл су» филиалы - 2, «Қазақстан алюминийі» АҚ - 2, Ұлттық ядролық орталық тың Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан-1, «Қазақстан Күн энергетикасының қауымдастығы» ЗТБ - 1, «Alina Group» ЖШС - 1, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ - 1, «Каустик» АҚ - 1, «AGARGAN» ЖШС - 1, «ТМК-КазТрубПром» ЖШС-1 өтінім болды. Қазстандарттан 130 өтінім, оның ішінде Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес 79 (кедендік одақтың техникалық регламентері: 010/2011-53, 016/2011 - 11, 020/2011 - 2, 021/2011 - 7, 024/2011 - 2, 033/2013 - 2, 034/2013 - 8, 046/2018-1) өтініш берілді. Техникалық регламенттер бойынша «Никотинбар өнімге қойылатын талаптар» - 1, «Тұрақты даму мақ­саттары жөнінде (менеджмент жүйесіне және өмір сапасына)- 8 ұсынылды. Өткен жылы жүргізілген талдау мен жүйелеу нәтижесінде 33 жоба беріліп, нормативтік-құқықтық актілердің заңнамаға сай өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында- 1,«Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс» және «Қауіпсіз ел» ұлттық жобалары іске асыру шеңберінде -1 жоба ұсынылды. 2060 жылға дейін еліміз көміртектің бейтараптығына қол жеткізу доктринасын іске асыруда 8 ұсыныс қабылданды. Жалпы жоба бойынша 283-тен аса ұсынылған өтінім қабылданбады. Оның себебі, біріншіден қолданыста бар стандарттар қайталанса, екін­шіден ұқсас стандарттар жиі ке­зігуде, үшіншіден ұлттық стандарттау жоспары мен мемлекетаралық стандарттау бағдарламасы аясында әзірленуге тиіс жоспар- жобасын талқылау кезінде Стандарттау субъектілерімен келісілмегендер де болды.

Қазіргі таңда келесі басымды бағыттардың бірі саналатын «Құрамында никотин бар өнімге қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасының техникалық регламентін іске асыру үшін ҚР СТ «Құрамында никотин бар аэрозоль­дегі никотиннің құрамын анықтау әдістемесі», ҚР СТ «Никотинді электронды жеткізу жүйелеріне арналған сұйықтықтар. Жалпы техникалық шарттар». «Ғимараттар мен құры­лыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасының техникалық регламентін іске асыру үшін алғаш рет ҚР СТ «Сәйкестікті бағалау. Құрылыс қоспалары мен ерітінділерінің сәйкестігін декларациялау ережесі», «Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар», Қазақстан Республикасының техникалық регламентін жүзіге асыруда көмір өнеркәсібі бойынша 17 стандарттық жоба дайындалу үстінде. Сонымен қатар Үкімет бақылауындағы «Электр самокаттары. Техникалық талаптар» стандарты қолға алынды.

Бұдан өзге, ISO 50003:2021 «Энергетикалық менеджмент жүйе­сі. Энергетикалық менеджмент жүйе­леріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» әзірленуін жеделдету үшін «Ұлттық аккредиттеу орталығы» рес­публикалық мемлекеттік кәсіп­ор­нының өтінішімен осы жылдың 30 қарашасына дейін жаңа стандарт­қа көшу жөнінде іс-шаралар жұмыс­тары басталды.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

1212 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы