• Бизнес & Қоғам
  • 21 Сәуір, 2022

ЖЕМІСТІ ДИАЛОГ

Қазақстандық делегация азаматтық бастамалар саласында тәжірибе алмасу мақсатымен Хорватияға барды. Жұмыс сапарын заң үстемдігі жөніндегі халықаралық бағдарламаның екінші жылын іске асыру шеңберінде Қазақстандағы құқық үстемдігі бастамасы американдық заңгерлер қауымдастығының өкілдігі ұйымдастырды.

Қазақстан делегациясының сапары «Хорватиядағы азаматтық қоғам ұйымдары мен Үкіметтің өзара іс-қимылының құқық­тық және институционалдық тетіктері» тақырыбына арналды. Іс-сапардың негізгі мақсаты – Хорва­тияның азаматтық қоғам ұйымдарына мемлекеттік қолдау көрсету тәжірибесімен танысу, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл тетіктерін зерделеу болды.

Шараға Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігінің, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының, сондай-ақ «Қазақ­стан­ның Азаматтық альянсы» ЗТБ, «Тalap» қолданбалы зерттеулер орталығы» ҚҚ, «Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық альянсы» ҚҚ сияқты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Сапар аясында мемлекет­тік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың түрлі өкілдерімен кездесулер мен сессиялар ұйым­дас­тырылды. Біз Хор­ва­тия­дағы үкіметтік емес ұйым­дармен ынтымақтастық жөнін­дегі үкіметтік кеңсенің және азаматтық қоғамның ұлттық қоры­ның жұмысымен таныстық. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік салаларда жұмыс істейтін хорва­тиялық ҮЕҰ-мен бірқатар кездесу өткізілді», – деді Азамат­тық бастамаларды қолдау орта­лығы даму және ынтымақ­тастық жөніндегі департа­менті­нің директоры Әйгерім Каримова.

Хорватиялық ҮЕҰ-ның өкілдері өздерінің қызметі, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік жобаларды іске асырудағы проблемалар және тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы айтып берді.

«Бізге Хорватияның үкіметтік емес секторды дамытудағы тәжірибесі қызық. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, табысты тәжірибелерді зерделеу­ге, азаматтық қоғамды дамыту саласында екі елдің үкіметтік емес ұйымдарымен және мемле­кет­тік органдарымен байланыс орнатуға және әріптестік байла­ныстар­ды дамытуға ық­пал етеді», – деп атап өтті Ә.Кари­мова.

Хорватиялық ҮЕҰ-ның өкілдері қазақстандық тараптың ашықтығын құптап, диалогтың жемісті жалғасатынына сенім білдірді.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

4313 рет

көрсетілді

1114

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы