• Қаржы
  • 21 Сәуір, 2022

Жаңа Қазақстан экономикасының даму бағыттары

Кеше Алматы қаласында академик, профессор Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Сағадиев оқулары – 2022. ҚР жаңа экономикалық саясаты: ақиқаты мен болашағы» атты халықаралық ғылыми конференция басталды.

Аталған білім ордасына елімізден және алыс-жақын шет мемлекеттерден келген қонақтар алдымен Кенжеғали Әбенұлына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағызым етті. Өзінің үзеңгілесі, университеттің бұрынғы ректоры, экономика ғылымдарының докторы, академик, профессор Геннадий Гамарник, Сағадиев хақында жылы лебізін жеткізіп, өз естелігімен бөлісті.

Бұдан кейін Университет ректоры Анар Мусақызы конфе­рен­цияның ашып, еліміздің эконо­микалық-әлеуметтік өзге­рістеріне өзіндік құн­дылықтары мен тарихи кезеңдерді қалыптастырған академиктің жаңа заман нары­ғындағы сұранысқа ие биік талаптары әлемдік стандартқа сай жастарға білім беруде және оны іске асыруда жас ғалымдарды қолдау мақсатында студент жастардың жаңа заман талабына сәйкес білім алуына бағытталған айрықша жұмыстары мен жаңадан ғылыми-зерттеу институттарын құрудағы сіңірген ерекше еңбегі аталды.

Конференция спикері, эко­номи­ка ғылымдарының докторы, прфессор Наиля Қапен­қызы, эконо­микалық және саяси дағдарыс жағдайында Қазақ­станның экономикалық қауіп­сіздігін қамтамасыз етудің басым бағыттары, Халық финанс басқармасының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Фархад Охонов, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы және IQAA агенттігінің Аккредиттеу кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Білім және ғылым, жастар ісі және балалар­дың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғам­­дық кеңесінің мүшесі Геннадий Гамарник, еліміздің эконо­ми­ка­лық әлеуетінің жағдайы мен дамуына отандық ғылымның рөлі тақырыптарында баяндама жасап, слайдтар көрсетті.

Конференция туралы GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық: «Бұл конференцияның Сағадиев оқулары деп аталуының өзі осы уни­верситеттің негізін қалаған академик, профессор осыдан екі жыл бұрын коронавирус инфекциясына шалдығып, өмірден өткен еді. Былтыр қайталанбас тұлға, экономика саласының майталманы Кенжеғали Әбенұлына ескерткіш орнатып, білім ордасына аты берілді. Бүгінгі күні бұл үрдіс жалғасын табуда.

Конференцияның негізгі мақ­саты еліміздің қарыштап даму жолында қандай бағыт-бағдарды бетке алу керек? Жалпы сын-қатерлерге Қазақстан экономикасы қай жағынан дайын болуы тиіс? деген тұрғыда ой айтылуда. Алғаш сөз алған спикерлер ең маңызды мәселе, Біріккен ұлттар ұйымы төңірегінде халықаралық дәрежедегі қазіргі азық-түлік қауіп­сіздігіне тоқталды. Әлемде 1 млд 700млн халық ашаршылық жағдайға тап болуы мүмкін деген қауп бар. Ал біз аталған жайды ескеріп, еліміздің ауыл шаруашылығына айрықша көңіл бөлуіміз тиіс. Егіс алқабын­да дәнді дақылдарды көбірек егу жұмыс­тары жүргізілу керек. Өткен жылы дәнді дақылар өнімі 20 пайызға кем алынған. Себебі, жауын-шашынның аздығынан қуа­ншылыққа кезіктік. Биыл да солай болуы мүмкін дейді мамандар. Бұған себеп, күннің ыстығына төтеп береуге тұқымдар жетіспейді екен. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігі орын алмайтындай мәселе шешімін тауып жатыр ма? Қаншалықты? Біздің Үкімет бұған дайын ба? Одан бөлек Қаржы секторына қатысты мәселелер де көтерілуде. Биылғы жылы теңгеміз турболенттік зонаға шықты деп айтуға болады. Ұлттық валютамыз бірде көтеріліп, ал бірде түсіп құбылып тұр. Себебі геосаяси жағдайының қалай өрбейтіндігі, Ресей мен Украина арасындағы текетірес қашан аяқталары белгісіз. Осы жайт бұдан әрі жалғаса беретін болса теңгеміз үлкен бір қысымның астында қалатыны сөзсіз. Онымен қоймай АҚШ долларының пайыздық мөлшерлемесі көтеріліп жатыр. Үстіміздегі жылы Голдман Сакс ұйымы Американың филиал­дық зерттеу жүйесін 7 мәрте жоғарлатады деп болжауда. Егер аталғандарындай-ақ, іске асырылатын болса дамушы елдердің капитал ағынындағы барлық инвесторлар американың құнды қағаздарын сатып ала бастайды. Ал дамушы елдердің валюталары құнсызданады. Бұл мәселеде теңгемізге қауіп-қатер төнуі ықтимал. Бүгінгі күні теңгеміз өз күшін жоймай келеді. Бұған Ұлттық қордан аударылып отырған аударым мен Ұлттық банктің жасап отырған интервенциялық саясаты. Өткен айдың өзінде интервенция­ға 1 млрд долларға жуық қаражат жұм­­салған. Бұдан бөлек Ұлттық қор­дан аударылған аударымдар бар барлығын қосқанда 1,7 млрд доллар көлемінде теңгемізге күш беруде. Биылғы жылдың бесінші сәуірінде Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі бірлесе отырып жаңа ұлттық қордан 1,6 трлн теңгеге артық ақша сұрады. Осы жылы төрт трлн теңге ақша аудармақшы. Оның барлығы ұлттық валютамызға қуат берудің басты факторы деп айтуға болады. Дей тұрғанмен жоғарыда айтылған сын-қатерлерді ескеретін болсақ жыл соңына дейін әліде біраз қиыншылықтар орын алатыны белгілі. Осы жағдайда Үкімет жаны­нан құрылған дағдарысқа қар­сы штабының жұмысы мен Үкімет жұмыстары жүйе­лі әрі жедел жүргізілуі тиіс», – деді.

Апта соңына дейін жалғасатын бұл іс-шарада цифрлық эконо­микадағы трендтер, технологиялар және ресурстарды, қазіргі кездегі бәсекелестік саясаты мен нарықтың реттелуін, еліміздегі жасыл экономиканың дамуындағы проблемалары мен алғышарттары, қазіргі еңбек нарығының ерек­шеліктері, тенденциялары және әлеуеті, XXI ғасырдағы әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдардың даму тәжірибесі мен болашағы, сонымен қатар қоғамның ескіруіндегі мәселелер әрі ықтимал болжамдар төңірегінде қозғалмақ.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

1678 рет

көрсетілді

247

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы