• Білім & Ғылым
  • 21 Сәуір, 2022

ТШО: Халық қажеттілігіне зор мән беріледі

Теңізшевройл бас директоры Кевин Лайон мен Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті. Олар тұрғындарды толғандырған барлық мәселелерге құлақ түріп, халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

Бас директор атап өткендей, ТШО өз қызметін еліміздің барлық заңнамаларын, ережелері мен талаптарын сақтай отырып, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік жағдайында жүргізуге міндеттенеді. «ТШО үшін Жылыой ауданы мен Құлсары қаласы ерекше маңызға ие. Біз осында көптеген жылдар бойы қызмет атқарып келе жатқандықтан, аймақтың әлеу­меттік-экономикалық дамуына шын пейілден мүдделіміз. Ком­пания мен оның мердігер ұйым­дарын­да еңбек ететін 10 мың­нан астам қызметкер – Жылы­ой ауданының тұрғындары, осы ауданда біздің 39 мердігер ұйым тіркелген», – деді Кевин Лайон.

ТШО-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, «Игілік» ерікті инфрақұрылым бағдарламасы басталғалы 100 жобаның 59-ы Жылыой ауданында жүзеге асырылған. Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, спорт нысандары, коммуналдық нысандарды жаңғырту және басқа да жобалар бар. Соңғы екі жылда бағдарламаның 25 миллион АҚШ долларын құрайтын жылдық бюджетінің шамамен 80 пайызы Жылыой ауданының қажеттілігіне бағытталды. Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде биыл Құлсары қаласындағы аурухана мен орталық стадион нысандарының құрылысы аяқталады. 2010 жылдан бері кәсіпорын үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, Атырау облысында білім мен денсаулық сақтау саласын жақсарту бойынша «Ерікті әлеуметтік инвес­тициялар» бағдарламасының шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыруда. Атқарылған 94 әлеумет­тік жобаның 50-і – Жылыой ауда­ны­ның еншісінде.

Тұрғындармен кездесу барысында Кевин Лайон ТШО-ның ерікті «Игілік» және «Әлеуметтік инвестициялар» бағдарлама­лары арқылы Жылыой ауданы мен Құлсары қаласына көбірек қолдау көрсету жолдарын іздестіру мақсатында Атырау облысы және Жылыой ауданы әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды. Жалпы алғанда, осы екі әлеуметтік бағдарлама шеңберіндегі жылдық бюджет шамамен 27 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұдан бөлек, ТШО Теңіз кен орны және Құлсарыда жүзеге асырылатын өз жобаларына Жылыой ауданы компанияларын тартуды күшейту жолдарын да қарастырмақ.

Жиында әлеуметтік қажетті­ліктер мен орындалатын әлеумет­тік-экономикалық жобалар жө­нінде жергілікті жұртшылықпен ақпарат алмасу үшін қоғамдық кеңес жұмысы қайта жанданатыны айтылды. Консультативтік кеңестің құрамына ұйым басшылары мен жергілікті тұрғындар, әкімдік, ТШО өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар кіретін болады.

Сонымен қатар кездесу барысында ТШО өзінің қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштеріне қатысты тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Компания 2000 жылдан бері ауаға шығарылатын жалпы шығарындыларды азайту және ауа шығарындыларының қарқындылығын 65%-ға төмендету үшін шамамен 3,1 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған. Қазіргі кезде Теңіз кен орнындағы су қорлары тазартылуда және оның 46 пайызы қайта пайдаланылуда. Өткен жылы ТШО Атырау облысының әкімдігімен Құлсарыда 50 гектар жерге ағаш отырғызу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Жыл соңына дейін алғашқы 15 гектар жерге 9 мың түп көшет егілетін болса, оның 50-ін Құлсары қаласының жегілікті тұрғындары отырғызды.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

5701 рет

көрсетілді

248

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы