• Білім & Ғылым
  • 28 Сәуір, 2022

Пәндік жарыс жалғасын тапты

Нұр-Сұлтан қаласында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  «Баспа ісі» мамандығы бойынша студенттер арасында V республикалық пәндік олимпиада өтті. Сындарлы сайысқа 8 құрама  қатысып, бақ сынасты.

Болашақ баспагер-редак­торлар­дың кәсіби, шығар­машы­лық білім-білігін арттыру мақсатында өткізілген олимпиа­даның ашылу салтанатында Әділқазылар алқасының төрағасы, «Фолиант» баспасы­ның директоры Нұрлан Исабеков пен ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ сындарлы сайысқа қатысушы студенттерге сәттілік тіледі.

    Төрт кезеңнен тұратын жарысқа қатысқан студенттер кітап жарнамасы Book-trailler түсіру, кітап мұқабасын әзірлеу, баспа ісінің негіздері пәнінен тест тапсыру және редакциялау бойынша сыннан өтті.

Дүлділдер сайысында бас жүлдені Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жур­налистика факультеті Бас­пагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы­ның студенттерінен құралған «Күншығыс» құрамасы жеңіп алды. Екінші орынды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің «Сұңқар» құра­масы, ал үшінші орынды «Книжные серферы» құрамасы (ҚазҰУ)  иеленді.

Сайысқа түскен 8 құрама ішінен озып шыққан жеңімпаз­дарды «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков, Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлы, «Кәусар» баспасының директоры Қуат Құрмансейіт және қазылар алқа­сының өзге де мүшелері марапаттады.

НҰРЛАН ҚҰМАР

4667 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы