• Руханият
  • 28 Сәуір, 2022

«Теңізшевройл» өткізген шеберлік сыныбы

Бүгінде отандық еңбек нарығында орталық және жергілікті басқару органдарымен, үкіметтік  мекемелермен байланыс  жөніндегі мамандарға  сұраныс жоғары.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журна­­листика факультеті мен «Теңіз­шевройл» компаниясының қо­ғам­мен және үкіметпен байла­ныс қызметі арасында білікті кадрлар даярлауға әдісте­ме­лік көмек көрсету жөніндегі жеміс­ті ынтымақтастық жол­ға қойылған. Сейсенбіде өт­кізіл­ген шеберлік сыныбында компанияның үкіметпен және жұрт­шылық­пен байла­ныс бөлі­мінің бас менеджері Рзабек Арты­ғалиев, компанияның құ­­қықтық қамту бөлімінің бас менеджері Әсет Құрманбаев, қоғаммен байланыс жөніндегі білікті мамандар Светлана Қайырғалиева, Раушан Най­за­баева, сондай-ақ журна­лис­тика факультетінің деканы Сансызбай Мадиев, кафедра меңгерушісі Назгүл Шыңғы­сова жоғары білім мен өндіріс арасындағы байланыстарды баянды ету жөнінде бірлескен іс-шаралар қабылдау қажетті­гіне тоқталды. «Теңізшевройл» компаниясы тарапынан универ­си­теттің білім беру бағдарла­ма­ларының мазмұнын өндіріс қажеттілігіне сәйкестендіріп, жетілдіру, бір­лескен зерттеулер мен жобалар жүргізу, оқытушы-профессорлық құрамның білік­тілігін арттыру, студенттерді тағылым­дамалардан өткізу жө­нін­де нақты ұсыныстар алға тартылды. Мұның өзі маман даярлау сапасын арттыруға жәр­дем­десетіні атап өтілді.

Қоғаммен және үкіметпен байланыс, сондай-ақ кәсіп­орынның ақпараттық саясаты мен ішкі және сыртқы коммуникация желілерін жолға қою мәселелері «Қазақ университеті» баспасынан жуырда жарық көр­ген «Қазіргі заманғы баспасөз қызметі» оқулығы мысалында сөз етілді. Оқулықтың жеке тарауы еліміздегі ірі салық төлеуші болып табылатын «Теңізшевройл» кәсіпорнының мұнай-газ сала­сындағы коммуника­циялары­ның ерекшеліктеріне арнал­ған. Басылымда жұртшы­лықпен және үкіметпен байланыс бағыт­тарына жан-жақты шолу жасалып, заманауи менедж­менттің ерекшеліктері мен әлеуметтік инвестициялар сала­сындағы жұмыстың қыр-сыры жан-жақты қамтылған. Кітап авторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің профессоры Жетпісбай Бекболатұлы «үкіметпен байланыс» маман­дығы бойынша білім беру бағдар­ламаларын  түзу, өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен оқу құралын жазу жөніндегі пікірін ортаға салды.

 РЫМТАЙ САҒЫНБЕКОВА

439 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы