• Қаржы
  • 28 Сәуір, 2022

«Самұрықтың» сатып алуы қалай жүзеге аспақ?

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Самұрық-Қазына» қорына сатып алудың жаңа тәртібі әзірленіп, енгізілді.  Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу рәсімдерінде инновациялар қолданыла бастады.  

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевтің төрағалығымен өткен қоғамдық кеңестің кезекті отырысына Самұрық-Қазына, жұртшылық, сарапшылар қауымдастығы, кәсіпкерлер және басқа да мүдделі тұлғалардың өкілдері қатысып, қабылданған ережелердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын талқылады.

– Президент тапсырмалары сатып алудың барынша ашықтығын талап ететін мәселелерге қатыс­ты. Сонымен қатар Самұрық-Қазына ұлттық өнімді дамыту мен әлеуметтік жобаларды қолдауға да жауапты. Сондықтан қолдауды қажет ететін секторларда ашық рәсімдер мен сатып алулар қажет болатын еркін нарық тәсілдері әртүрлі. Қанша күрделі болса да, оларды біріктіру қажет, – деді Б. Жәмішев. 

Қордың сатып алу тәртібінің нақты қалай өзгергені туралы айтып берген құқықтық қамтамасыз ету, кепілдік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор Николай Казутин бір көзден алу тәсілімен сатып алу негіздері айтарлықтай қысқарғанын, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын, қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтарды тарта отырып, сатып алуды категориялық басқару және алдын ала біліктілік беру процесінің ашықтығы арттырылғанын жеткізді. Осы үдерістер негізінде отандық тауар өндірушілерді және ШОБ субъектілерін қолдау бойынша қосымша шаралар енгізілген.

Қор компаниялары тобының жеткізушілері енгізілген тәртіптің тиімді жақтарына тоқталып, жұмыс киімдерін стандарттау, алдын ала қарау мерзімдері және жеңіл өнеркәсіп үшін техникалық тапсырманы дайындауға қатысты процесті жетілдіру бойынша басқа да ұсыныстар айтты. Жаңа тәртіп енгізілгенге дейін ұсыныстарды жүйелеп, ағымдағы жылдың соңына қарай бақылау жүйелерін бағалау, конкурсқа қатысуға өтінім беру кезінде құжат айналымын қысқарту, өтінім беру мүмкіндігін қосымша талдауды қарастыру, холдингаралық ынтымақтастық шеңберінде сатып алуды азайту ұсынылады. Сол секілді, кеңесте аталып өткендей, қор электронды дүкенмен шектелмей, сатып алулар базаларын трансформациялауда көш ілгері болуы тиіс. Бұл бағыттарда қор компаниялары тобындағы сатып алу жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар мен талап-тілектер  қарастырылатын болады.

Самұрық-Қазына мәліметі бойынша, қор тобы үшін 2021 жыл айтарлықтай нәтижелі болды. 2020 жылғы дағдарыстан кейін компаниялардың іскерлік белсенділігі қалпына келе бастаған. Алдын-ала деректер бойынша, компаниялар тобының кірісі 11,7 трлн теңгені құрады, бұл жоспарланған межеден 2,4 трлн теңгеге көп. Таза пайда 1,6 трлн теңге, бұл 2021 жылға арналған бекітілген жоспардан және 2020 жылдың нәтижелерінен үш есеге жуық жоғары. Өндірістік көрсеткіштер бойынша пайданың ұлғаюы негізінен есепті кезеңдегі мұнай мен мұнай өнімдері бағасының өсуіне байланысты. Сонымен қатар карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне және елдегі, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына орай, 2021 жылы әуе және теміржол көлігі саласында жолаушылар тасымалы сәйкесінше 74%-ға және 49%-ға өсті. Қытай-Еуропа, Қиыр Шығыс-Орталық Азия және Қытай-Кавказ-Түркия бағыттарында контейнерлік транзит көлемі ұлғайып, сәйкесінше контейнерлік тасымалдар 22%-ға өсті. Ішкі нарықта электр энергиясын тұтынудың өсуі электр энергиясын өндіру мен тасымалдау көлемінің сәйкесінше 13% және 18%-ға артуына ықпал етті. Дивидендтер мен төлемдерге келсек, қор жалғыз акционер – Үкіметке төленетін дивидендтер көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Былтыр қор республикалық бюджетке 88,3 млрд теңге дивиденд төледі. Өткен жылдың оң нәтижелерін ескере отырып, биыл Самұрық-Қазына мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Былтыр қордың портфельдік компаниялары республикалық бюджетке салық түрінде 1,2 трлн теңгеге жуық қаражат аударды, бұл республикалық бюджетке түсетін жылдық түсімдердің 10%-ы. Қор қоғамның әлеуметтік қажеттіліктеріне де қаржы бөледі. SK-Trust корпоративтік қоры өткен жылы жалпы сомасы 7,1 млрд теңгеге 32 жобаны жүзеге асырған.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

1243 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы