• Спорт
  • 05 Мамыр, 2022

Азия біріншілігін бағындырды

Семей қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында дәтүрлі Азия клубтық чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарыстың соңғы күнінде өскемендік «Алтай» мен петро­павлдық «Қуаныш» командалары финалда алтын жүлдені сарапқа салды. Қазақстаннан осы кезге дейін алматылық «Рахат» командасы  2 рет, өскемендік «Алтай» бір мәрте Азия клубтық чемпионатында үздік шыққан еді. Оның үстіне, сербиялық маман Марко Гршич жаттықтыратын өскемендік клуб биыл алты дүркін ел чемпионы атанды.

«Қуаныш» ешқашан мұндай халықаралық деңгейдегі аренаға шығып көрмеген еді. Ақтық сын­ға дейін бұл команда Тайланд, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан ко­­ман­­да­ларынан айласын асырды.

Бұл додада Азия клубтық чемпионаты барысында «Алтай» бірінші ойында «Қуаныштан» 3:1 есебімен басым түскен-ді. Дегенмен де петропавлдықтар қалған кездесулерін сәтті өткізіп, финалға жолдама алған болатын. Соңғы бәсекеде нағыз финалға тән ойын болды. Алдыңғы екі партияны 26:24, 25:21 есебімен «Алтай» ұтты. Енді бір сетті алса, жететін еді. Алайда, аса тартысты өрбіген үшінші партия 30:28 есебімен «Қуаныштың» еншісінде кетті. Әрі қарай 25:23 есебімен тағы бір сетті алды. Осылайша есеп 2:2 болып теңесті. Бесінші, шешуші партияда «Қуаныш» командасы беленділік танытты. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матч­та 3:2 есебімен жеңіске жеткен әйелдер арасындағы «Қуаныш» волейбол командасы  өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды. Өз кезегінде Тайландтан келген «Diamond Food-Fine Chef Sport Club» командасы қола жүлдеге ие болды.

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, сербиялық маман Дарко Добресков баптайтын «Қуаныш» командасы алдағы уақытта әлемдік клубтар арасындағы чемпионатқа да қатысатын болады.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

81 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы