• Қаржы
  • 05 Мамыр, 2022

Инвестиция тарту мәселесі талқыланды

Түркістанда Финляндияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист жұмыс сапарымен болды. Мәртебелі мейманды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай қарсы алып, тараптар екіжақты байланысты нығайту жөнінде пікір алмасты. Кездесуге елшімен бірге Финляндияның кәсіпкерлері мен танымал компанияларының еліміздегі өкілдері қатысты.

Сойли Мякеляйнен-Буханист Финляндия мемлекетінің жасыл экономика, энергетика, ақылды қалалар және өзге де салалар бойынша тың жобаларды жүзеге асырып үлгергенін айтты. Түркістан өңірінің ин­вестициялық әлеуетін білу әрі әріптестік орнату мақсатында келгенін жеткізді. «Финлян­дия жасыл экономикаға, табиғи ресурстарды тиімді пайдала­нуға, қоршаған ортаға зиянсыз өндірісті дамытуға басымдық береді. Елімізде тұрмыстық қоқыстың 56 пайызы қайтадан энергия көзіне айналса, 43 пайызы қайта өңделіп, кәдеге асады. Қоқыс полигондарына қа­жеттілік жоқ. Осы және өзге салаларда сіздермен әріптестік орнатуға мүмкіндік бар. Өңір­­дің мүмкіндіктерін саралап, жоспарларыңызды білгіміз келеді», – деді елші.

Өз кезегінде Арман Жетпіс­бай Түркістан облысында қолға алынған жобалармен таныстырды. Түркістан қаласы маңында арнайы экономикалық аймақ құрылғанын, газ, электр қуаты және қажетті инфрақұрылыммен қамтылғанын атап өтті. Ірі компания өкілдіктерін Түркістан қаласында ашуды ұсынды. «Түркістанда өндіріс орындарын ашуға, инвестиция салуға барлық жағдай бар. Әлемдік деңгейде дамыған Финляндия инвесторларын қуана қарсы аламыз. Барлық сала бойынша сіздермен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Қазіргі таңда Түркістанда инфрақұрылым толық қаланған. Өңірде туризм, өндіріс, білім, медицина салаларына басымдық берілген. Осы салалар бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруға болады. Ағын су мәселесі толық шешілген. Спорт нысандары салынуда. Үлкен теннис, қысқы спорт түр­лері, хоккей салалары бойын­ша да фин тәжірибесін қарас­тыруға мүдделіміз», – деді Арман Шәріпбай.

Кездесу барысында екі тарап бір-бірімен ақпарат алмасып, алдағы уақытта байланыс­ты тереңдете түсу жөнінде уағда­ласты.

НҰРЛАН ҚҰМАР

924 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы