• Білім & Ғылым
  • 05 Мамыр, 2022

Білімге салған инвестиция ел болашағына жұмыс істейді

Алматыда Ержан Тәтішев атындағы қордың ұйымдастыруымен «Hard Talk: Impact: білімге әсер ету инвестиция­сы: шындықтар, қиындықтар мен трендтер» тақырыбында интерактивті пікірталас өтті.

Оған «Тәуекелдерді бағалау тобының» директоры Досым Сәтбаев, «Almaty Management University» президенті Асылбек Қожахметов, «InTeachMe » директоры Захира Бегалиева, «Kusto Group» директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев, «Белес» талдау және стратегия ор­талығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Серік Ырсалиевтермен қатар білім беру саласының жетекші сарапшылары және кәсіпкерлер қатысты.

Онда еліміздің қауіпсіздігі мен болашағы үшін білімнің маңыз­дылығы және осы саладағы инвес­тицияның рөлі талқыланды. Пікір­талас барысында қатысушылар «Қазақ­стандықтардың жақсы өмір сүру­леріне, ел экономикасының дамуы мен қоғамда өзін-өзі қалыптас­тыруына  қандай білім қажет?», «Мүм­­кіндігі шектеулі жастарға білім беру», «Білімге инвестиция, ол елдің қауіп­сіздігі мен болашағы үшін неге маңыз­ды» деген тақырыптарда сөз қозғалды.

Іс-шарада Ержан Тәтішев атын­дағы қордың білім беру гранттары бойынша бағдарламаның тиімділігі мен 2007-2020 жылдар аралығында еліміздің жас көшбасшыларын таңдауда қосқан өз үлестері жөнінде зерттеме нәтижелерімен таныстырды. Зерттеу барысында шамамен 400-ге жуық респондент қатысқан. 2007-2021 жылдары ішінде барлығы 249 грант пен шәкіртақы бөлініпті. Олардың арасында 89 грант жоғары оқу орнына, 51 грант орта арнаулы білімге, қалғаны шәкіртақыға бөлінген. Бүгінгі күні қор бағ­дар­ламасы арқылы білім алған түлек­тердің 84 пайызы жұмысқа орналасып, қалған 16 пайызы оқуын әрі қарай жалғастыруда екен. Білім гранттарын бөлу бағдарламасы негізінде 675,9 млн теңге жұмсалған.

 «Қазіргі таңда білім – адам өмірінде шешуші рөл атқарады. Біз­дің елімізде сапалы білім алу өзекті мәселенің бірі. Сондықтан біздің Қор еліміздің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына өз үлесін қоса отырып, келешек ұрпаққа сапалы білім беруді қамтамасыз етуде бар күш -жігерін салып келеді. Біз талантты жастарды қолдап, аз қамтылған отбасының балаларына ерекше көңіл бөлеміз. Оқу бағдарламасын әзірлеп, оны іске асыруда басқа да серіктес үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсетеміз. Қор түлектерінің көпшілігі бүгінгі күні өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп, еңбек нарығында өзіндік орны бар, бәсекеге қабілетті және қаржылық тұрақтылыққа ие болғаны бізді қуан­тады», – деді Жоғары технологиялар акаде­миясының негізін қалаушы Ержан Тәтішев атындағы қордың қам­қор­шылық кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев.

 «Зерттеудің негізгі қорытындысы бойынша Ержан Тәтішев қорының іске асырып жатырған бағдарламасы қоғамға пайдасы зор екенін көрсетіп отыр. Ол халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін білімге деген қолжетімділік пен іскерлік мансабын арттыру жолында бар мүмкіндіктерді қарастырған. Сондықтан да қор жастардың білім алуына инвестиция салуды өте маңызды деп санайды. Өйткені олар елдің адами капиталын жетілдіріп, бәріміз тұтастай алғанда жақсы қоғам­ға қол жеткіземіз» деп атап өтті Нұржамал Иминова, ЕҚЫҰ адами даму жөніндегі кеңесшісі.

Зерттеу нәтижесінде қормен ын­тымақтастық қарым-қатынас стипендиаттар үшін жақсы әлеуметтік байланыс болғандығын көрсетті. Білім алушы жастардың өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарып, дүниетанымы мен әл-ауқатының өзгергендігі әрі өздерінің қоршаған ортасы арасында қаржылық тұрақтылықтың жоғары деңгейін сезінетіндігі аталған қордың арқасында болып отырған жайттар. Қор президенті Дана Жарықова мектеп түлегі портретімен таныстырды. Онда білім гранттарын тағайындау және конкурстарды енгізу кезіндегі тәжірибесіне сүйеніп, аталған жылдар аралығындағы өзгерістерге тоқталды. Қордың білім беру бағдарламасына сәйкес, қазіргі күні 45%-ы жеке компанияларда жұмыс істесе, оның 14% -ы әртүрлі деңгейдегі басшылықта, 10%-ға жуығы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, шамамен 4% -ы жұмыс­сыз түлектер екендігін атап өтті.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

4441 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы