• Қаржы
  • 05 Мамыр, 2022

Азық-түлік өндірісіндегі бірегей жобалар

Еліміздің батысындағы өңірлерде сүт өнімдерін өндіруге арналған жобалар қолға алынып, құс фабрикалары мен жылыжайлар ашылатын болады. Оларды отандық және шетелдік инвесторлар іске қоспақ, деп жариялады өз сайтында LS ақпарат агенттігі.

Аталған өндірістік қуаттар агро­өнеркәсіптік кешенде 2022-2025 жылдары ашылады деп күтілуде. Сыртқы істер министрлігінің мәлі­меттері бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы  жобалардың бірегей тобына жалпы сомасы 276 миллиард теңгеден астам 17 ұсыныс енген.

Ақтөбе облысында төрт өндірістің құрылыс жұмыстары қызу қарқын алған. Мәселен, қазақстандық инвес­торлар құны 42,73 миллиард теңге құс фабрикасына, сүт өндірісіне 4,23 миллиард теңге, ірімшік өңдіруге 4,23 миллиард теңге, тазартылған май өндіруге 969 миллион теңге инвес­тиция салмақшы. Жалпы алғанда осы өндірістік алаңдарда 698 адам жұмысқа орналастырылмақ.

Сондай-ақ  нақ осы өңірде 2023 жылға қарай Нидерландтан инвес­торлар 87,5 миллиард теңгеге жылыжай кешендерін іске қосуға көмектеспек. Осы объектілерде 600 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Ал сүт-тауарлы ферма 2025 жылы пайдалануға берілмек. Қазақстандық инвестор игі істі ілгерілетуге 20,58 миллиард теңге құйып, жергілікті тұрғындардан 100 адамды жұмыспен қамтымақ.

Батыс Қазақстан облысы жеті агрожобаны іске асырмақшы. Өнеркәсіптік объектілердің үшеуін қатарға қосуға қазақстандық компа­ния­лар ниет білдіріп отыр. Мәселен, бұл өңірде осы жылы сыйымдылығы 600 бас болатын етті-сүтті бағыттағы мүйізді ірі қара малға арналған кешен құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Жоба 3,9 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Мұнда 39 адам жұмыспен қамтылатын болады. Ал нидерландтық инвестор биылғы жылдың аяғына дейін 17,5 миллиард теңгеге жылыжай кешенін іске қосуға көмегін тигізбек.

Облыста 2,5 миллиард теңгеге құс фабрикасы кеңейтіліп, 1 миллиард теңгеге май зауыты іске қосылады. Құрылыс-монтаж жұмыстарын келесі жылы аяқтау көзделіп отыр. Тағы бір қазақстандық инвестор 870 миллион теңгеге картоп өсіру бойынша және жартылай өнім өндірісін іске асыру жобасын жоспарлаған. Жобаны 2023 жылы пайдалануға беру көзделген, 21 жұмыс орны ашылады.

Ал 2024 жылы Батыс Қазақстан облысында 50 миллиард теңгеге қоңды балапан етінің өндірісі бойынша кешен құрылысын салу және іске қосу жоспарлаған. Бұл жобаны жүзеге асыруға Португалиядан инвестор ниет білдіріп отыр екен. Кәсіпорында 100 жұмыс орнын ашу көзделген. Сол жылы италиялық инвестор қатысуымен сүт, көкөніс өнімдері және құрама жем өндіретін кешен де іске қосылмақшы. Кешеннің құны – 20 миллиард теңге, 140 адам жұмыспен қамтылады.

Атырау облысында іскер аза­маттар биыл 5,4 миллиард теңгеге құс фабри­касын іске қосуға үміт артып отыр. Бұл жоба 2015 жылдан бері іске асырылып келе жатқанын айта кету керек. Кәсіпорында  79 жұмыс орнын құру көзделген.

Маңғыстау облысында 2024 жылға қарай 5,23 миллиард теңге соманың көлеміндегі инвестицияға құс фабрикасы және 1 миллиард теңгеге сүт зауытының құрылысы салынбақ. Осы жобаларды жүзеге асыру есебінен 162 жұмыс орнын құру қарастырылған. Ал 2025 жылы 10 миллиард теңгеге бекіре балық зауытын іске қосу көзделіп отыр. 50 адам жұмысқа орналастырылатын болады.

Еске сала кетейік, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының 2022-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын қаржыландырудың жалпы көлемі 15,3 триллион теңгені құрайды. Соның ішінде республикалық бюджеттен қар­жыландыруға 1,7 триллион теңге бөлу көзделеген екен.

ИСА ҚАМБАР

1456 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы