• Аймақ тынысы
  • 05 Мамыр, 2022

Жайлы қоғамдық кеңістік құрылмақ

Премьер-министрдің орынбасары – сау­да және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Байсерке ауылындағы «Шин-Лайн» компаниясының жаңа өндірістік кешенінде жабдықтарды сынақтан өткізуге қатысты. 30 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылған бұл өндіріс жақын арада ТМД мен Шығыс Еуропадағы балмұздақ шығаратын ірі кәсіпорынға айналады.

Қонақтар кәсіпорын қызмет­керлері мен маңайдағы елді мекен­дердің тұрғындарына тегін қолжетімді болатын өндірістік кешенге іргелес аумақты көгалдандыру және заманауи қоғамдық кеңістік құру жобасының барысымен танысты. Бақыт Сұлтанов пен Қанат Бозымбаев серіктестік қызметкерлері, журналистер және жергілікті тұрғындармен бірге ағаш отырғызды.

«Шин-Лайн» – бұл экономикалық нарықтарда батыл және сенімді түрде жұмыс істеп келе жатқан өнеркәсіп. Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі компаниямен бірлесіп, өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығару бойынша жұмыс жүргізуде. Компания мемлекеттік қолдау шаралары мен іскерлік бел­сенділіктің синергиясының нақты табысқа жетуінің тамаша үлгісі болып табылады. Жаңа жұмыс орындары ашылуда, кәсіпорын облыстың ғана емес, бүкіл еліміздің экономикасы үшін жұмыс жасауда», – деді министр Бақыт Сұлтанов.

Жобаны іске асыруға компа­нияның меншікті қаражатынан 200 млн. теңге бөлінді. Бұл жоба шеңберінде кәсіпорынның айна­ласындағы алаң­дарды ғана емес, сондай-ақ Алматы облысы, Іле ауданының меншік иелерінің, сондай-ақ аудандар мен облыс әкімдіктерінің келісімі бойынша «ҚазАвтоЖол» және «ОблАвтоДор» мекемелеріне тиесілі учаскелердегі қоғамдық аумақтарын қайта жаңарту және көгалдандыру жоспарлануда. Осылайша, жергілікті тұрғындар үйдің жанында жаңа жабдықталған демалыс және шығармашылық аймағына қол жеткізеді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасындағы кеңістікті дамытудың бұл тәсілі отандық басқа компаниялар үшін үлгі бола алатыны сөзсіз.

Көгалдандыру жобасы сарап­тамадан өтіп, барлық реттеуші мемлекеттік құрылымдармен мақұлданды. Ол Алматыдағы Панфилов жаяу жүргіншілер көшесін абаттандыруды табысты жүзеге асырған белгілі дизайнерлік бюромен ынтымақтастықта әзірленді және кәсіпорын аумағы бойындағы саябақ аймағын кеңейтуді көздейді. 0,75 гектар алаңда жаңа қоғамдық кеңістіктің негізгі бөлігіне айналатын құнды ағаш сорттарынан аллея салу басталады. Өткен күзде 1 мыңнан астам жасыл желек екпе ағаштары отырғызылды, барлығы 5 мыңнан астам өсімдіктер мен бұталар, соның ішінде канадалық үйеңкі, жапон жөкелері және сібір балқарағайларын отырғызу жоспарланған.

Оңтүстіктегі күннен қорғану үшін жаппалар мен бастырмалар салынады, асфальттың орнына төсем төселеді, қосымша салқындықты су бұрқақтары жасайтын болады. Өндірістік кәсіпорынның және оның жанынан өтетін қала маңындағы трассаның жарасымды ландшафты көгалдар мен гүлзарларды, балалар ертегілерінің кейіпкерлері түріндегі шағын сәулет нысандарын жандандырады. Жаңғырту компания аумағы бойында орналасқан Алматы – Жетіген тас жолының учаскесіне де қатысты болады. Абаттандыру жобасын іске асыру басталғанға дейін мұнда жаяу жүргіншілер тротуарлары, аялдама кешендері болған жоқ, ағаштар мен бұталарды санитарлық өңдеуі жүргізілген жоқ, бұл олардың жай-күйінің нашарлауына алып келді. Енді бұл аумақ жаңа өмір бастады.

«Іргелес аумақты абаттандыру жобасын осы жылдың жазына қарай аяқтауды жоспарлап отырмыз. «Шин-Лайн» бұл жұмысты өз қызметін жүргізіп жатқан өңірдің дамуына әлеуметтік үлес қосу мүмкіндігі ретінде бағалайды. Біз аудан жұртшылығының өкілдерімен жиі кездесеміз және Байсерке ауылы мен оған іргелес жатқан ауылдардың тұрғындары біздің жобамызды қолдайтынын және оның аяқталуын күтетінін білеміз. Біз сондай-ақ Алматы облысының әкімдігіне, Іле ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына алғысымызды білдіреміз, олар­дың қолдауының арқасында аудан аумағын жаңарту кәсіпорынды жаңғыртудың қисынды жалғасына айналады», – деп түсіндірді компания президенті Андрей Шин.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Байсерке ауылында «Шин-Лайн» компаниясының өндірістік кешенін салу және жабдықтау аяқталуда. Балмұздақ пен тамақ өнімдерін шығару кешенінің өндірістік желі­лерін тестілеу басталып қойды. Бұл өндіріс таяу болашақта ТМД мен Шығыс Еуропада балмұздақ шығаратын ең ірі кәсіпорынға айналатын болады.

Өндірістік кешенді құру бойынша жобаның жалпы құны 33,4 млрд. теңгеге бағаланады. Кәсіпорында тәулігіне 350 тонна балмұздақ шы­ғаруға арналған ең озық шведтік, германдық және итальяндық жаб­дықтар орнатылған. Орнатылған екі өндірістік желіде балмұздақтың негізгі ассортиментін сынақтан өткізу басталды. Әр желі сағатына 36 000 – 40 000 дана балмұздақ өндіретін болады, екі желінің жалпы құны 8 миллион еуродан асады.

Бүгінгі таңда бұл технология­лық және гигиеналық стандарттар тұрғысынан да, пайдалану қауіп­сіздігі мен тиімділігі жағынан да әлемдегі ең заманауи жабдық. Кәсіпорында енгізілетін көптеген шешімдерді «Шин-Лайн» мамандары тұжырымдайтын ерекше міндеттерді ескере отырып, әлемдік жетекші жабдық өндірушілер әзірледі және олар бірегей болып табылады.

«Шин-Лайн» жаңа өндірісінің іске қосылуымен балмұздақтың ассортиментін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр, бұл ретте ассортиментте бұрынғысынша қолжетімді базалық өнімдер, сондай-ақ жеміс толтырғыштары, қос шоколад және экзотикалық дәмі бар премиум бал­мұздақ ұсынылады.

Компания президенті Андрей Шиннің айтуынша, Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірін іске қосу Алматы облысының экономикасы үшін ғана емес, жалпы елдің тамақ индустриясы үшін де үлкен маңызға ие. «2025 жылға қарай барлық өндірістік алаңдар іске қосылғаннан кейін кәсіпорындағы жұмыс орындарының саны екі есеге артып, 2,5 мыңға жететін болады, бұл ретте жаңа бос орындардың едәуір бөлігін жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары алатын болады. Кәсіпорынның қуатын кеңейту мультипликативті әсер береді, өйткені жаңа өндірісті іске қосу шикізатты, қаптаманы өндіруге және жеткізуге маманданған ком­паниялардың, сондай-ақ логистика, дистрибуция, IT-шешімдер саласындағы ілеспе бизнестің өсуі­мен қатар жүретін болады», – деп атап өтті Андрей Шин. 

Кәсіпорын құрылысы барлық экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде, өндірісте су және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы ең заманауи шешімдер енгізілетін болады. Өндірістік кешеннің бас жоспары одан әрі даму перспективаларын ескере отырып әзірленді, ғимараттар арасындағы оңтайлы қашықтыққа, ойластырылған инсоляцияға ие, сондай-ақ жоба тұтынылатын энер­гияның әртүрлі түрлерін тиімді пайдалануды көздейді. Ағынды суларды тазартуға арналған өнеркәсіптік шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі голландиялық компанияның жобасы бойынша тазарту құрылғыларының құрылысы басталды. «Шин-Лайн» фабрикасында флотациясы және ағартқышы бар биологиялық тазартуы бар суды екі кезеңді тазарту жүйесі орнатылады, тазартылатын ағындардың көлемі тәулігіне 100-3000 текше метрді құрайды. Бұл бүгінгі таңда қазақстандық бірде-бір кәсіпорында жоқ ең заманауи шешім.

НҰРЛАН ҚҰМАР

424 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы