• Спорт
  • 12 Мамыр, 2022

Әлияның ізбасарлары көбейіп келеді

Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында көркем гимнастикадан ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 520 спортшы қатысты. 

Алдымен гимнастшылар шығыршық, доп, ұршық және таспамен орындалатын жекелей көпсайыс бойынша сынға түсті. Чемпионаттың алтын медалін Елжана Тәниева жеңіп алды.  Кезінде қыздар арасында Азия чемпионы және Азия кубогының иегері атанып, бұл күндері халықаралық додаларда жүлде алып жүрген Шымкент қаласының өкілі осы жарыста да асқан шеберлік танытып, алтыннан алқа тақты. Елжанның жерлесі Баян Қойбақар күміс жүлдені иеленді, ал Сабина Бақа­това (Нұр-Сұлтан) үздік үш­тікті түйіндеді.

«Жарыстың алғашқы үш кү­нін­­де 108 ересек спортшы сайыс­қа түсті. Содан кейін жас­өспірім қыздар да өз өнер­лерін ортаға салды. Бұл турнирдің маңызы ерекше болды. Себебі, біріншіліктің қорытындысы бойынша Азия чемпионатына баратын ұлттық құрама жасақ­тал­ды. Сары құрлықтың біріншілігі жазда Тайландта өтпек», –  деді Қазақстан гимнастика феде­ра­­ция­сының басшысы Әлия Жү­сіпо­ва.

Жарыстың командалық сайысы жергілікті спортшылардың жеңісімен аяқталды. Елордалық қыздар 54.000 ұпай жинап, бас жүлдені олжаласа, екінші орынды Шымкенттің қыздары ие­ленді. Олардың қоржынында 48.300 ұпай бар. Үшінші орында – Алма­ты қаласы. Алатау баурайынан келген қыздар 45.150 ұпай­ды еншіледі. Жекелеген бәсеке­де Елжана Тәниеваға тең келер ешкім табылмады. Елжананың жерлесі Баян Қойбағар күміс медальды мойнына ілді. Бұл гимнастшы да соңғы кездері айшықты өнерімен көзге түсіп, бірқатар ірі додада жеңіс тұғырына көтерілді. Нұрсұлтандық Сәбина Бақатова қола жүлдеге қол созды.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

90 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы