• Мәдениет & Спорт
  • 12 Мамыр, 2022

ЕРЕН ТОҒАЙЫ

Жер жәннаты Жетісуда тылсым табиғат жаратқан жауһарлардың бірі – Ұйғыр, Кеген аудандарының, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумақтарында орналасқан Ерен тоғайы. Бұл облыстың күретамыры саналатын Іле өзенінің бойындағы өлкеміздің бойтұмары сияқты жаратылыстың ерекше құбылысы.

Деректерге сүйенсек, Ерен тоғайы Жетісу жерінде неоген кезеңінен сақталып қалған таби­ғаттың таңғажайып сыйы. Тоғай Алматы облысындағы Іле өзенінің сол жақ саласы, Шарын өзенінің ортаңғы ағысында, Сарытоғай елді ме­кеніне жақын жерде ор­наласқан. Мұнда өте сирек кездесетін, реликті ағаштың үш түрі: Іле жидесі, Іле бөрі­қарақаты және шаған ерені өседі. Шаған ерені – зәйтүн тұқымдасының шаған туысына жататын, өте ылғал сүйгіш ағаш. Бұл ағаштар өзен арнасына жақын өседі, аумағы 5014 гектар жерді алып жатыр. Соғды ерені немесе шағаны – Қазақстаннан басқа тек АҚШ-тың Невада шта­тындағы Гранд шатқалында өсетін, жойылып бара жатқан, аса ыжда­ғат­­тылықпен қорғауды қажет ететін түрі.

808 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы