• Мәдениет & Спорт
  • 12 Мамыр, 2022

Есімі аңызға айналған

Мемлекеттік орталық  мұражайда Халық қаһарманы, аты аңызға айналған ұшқыш Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облысының тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  «Есімі аңызға  айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрменің ашылуы өтті.

Іс-шараға Ұлттық қауіпсіз­дік комитеті Шекара қызметі академиясы, Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік инс­титутының курсанттары, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, азаматтық авиация академиясының авиация колледжінің №159 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Барлық қонақтар үшін Атырау тарихи-өлкетану музейінің өкілі Жандос Темір­ғалиев экскурсия жүргізді.

Көрменің қонақтары мен қатысушыларын – Алматы қаласының шығармашылық және қоғамдық зиялы қа­уым өкілдерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қа­уіпсіздік комитеті Шекара қызметі акаде­миясының оркестрі әскери марштармен қарсы алды. Аталмыш көр­менің  ашылу салтанатында Мемлекеттік орталық  музей директоры Рашида Харипова, жазушы, ақын, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов, Хиуаз Дос­панованың ұлы Ерболат Әміров, азаматтық авиация академиясының авиация кол­леджінің оқытушысы Гүлжан Нұрланқызы, Атырау тарихи-өлкетану музейі директорының міндетін уақытша атқарушы Динара Бисембаева сөз сөйледі.

Концерттік бағдарлама­да ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының өкілдері, көрмеге келген қонақ­тар үшін дефиле көрсетіп, қазақтың ұлттық биін билеп, патриоттық әндерін тарту етті. Сондай-ақ халықаралық әскери әндер байқауларының бірнеше дүркін жүлдегерлері Алима Сарбасова мен Ахмет Мадияр патриоттық әндер орын­дады.

 НҰРЛАН ҚҰМАР

110 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы