• Бизнес & Қоғам
  • 12 Мамыр, 2022

Елімізде тауарларды таңбалау қалай жүргізіледі?

Елімізде өткен жылдан бері тауарларды таңбалау жұмыстарымен Сауда және интеграция министрлігі айналысып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанның тауар экспорты елу пайызға артқан. Биылғы жылдан бастап аяқ киімді таңбалау тәртібі енгізілген болатын. Ал дәрілік заттарға таңбалау жүргізудің пилоттық жобасы былтырғы жылы аяқталған. Бүгінгі күні сүт өнімдерін, қапталған су мен сусындарды, алкоголді ішімдіктер мен жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жалғасуда. Тауарларды цифрлық таңбалау Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында жүргізілетін ұлтаралық жобалар деп айтуға болады.

Мамандар міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін көлеңкелі айналымның үлесі едәуір төмендегенін, жеңіл өнеркәсіп нарығында 63%-ды құрап, оның ішінде аяқ киім – 48,5%, алкоголді ішімдіктер – 25%, дәрі-дәрмектер –12%-ды көрсеткенін айтады. Тауарлардың көлеңкелі айналымын 70-80%-ға қысқарту өндірушілер мен импорттаушылар үшін 900 млрд теңге сомасында қосымша өткізу нарығын құруға мүмкіндік бермек. Осы ретте Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман ӘБЕНОВКЕ бірнеше сұрақтар қойған едік.

 – Арман Дәулетұлы, елімізде сандық таңбалауды енгізу не үшін қажет болды, ол Қазақстан эконо­ми­­касының дамуына қалай көмек­тесуі мүмкін?

– Таңбалаудың басты мақсаты халықты жалған өнімнен қорғап, көлеңкелі бизнестің жүруіне және контрафактіге тойтарыс беру үшін жасалынған. Қазақстанда тауарларды таңбалану мен олардың қадағалануын енгізуді Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы 2019 жылдың 29 наурызындағы өзара Келісім күшіне енген болатын. Ол «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының аясында жүргізіліп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңына өзгерістер енгізілді. Елімізде тауарлардың қандай да бір тобын міндетті таңбалау туралы шешімінің негізінде пилоттық жоба оң нәтиже беріп, таңбалау процесіне қатысушылардың өздерін қоса алғанда барлық мүд­делі тараптармен талқылаудан кейін ғана қабылдануы мүмкін екенін ерекше атап өткім келеді. Тауарларға міндетті таңбалау табиғи теріден жасалған бұйым­дарға, темекі және аяқ киім өнім­деріне енгізілді. Қазіргі эконо­микалық жағдайда біз тауарларды таңбалауды жедел енгізудің мерзімі мен орындалу кезеңі бойынша жоспарымызды қайта қарап, таңбалауға жататын тауарлар тізбесін кеңейту мақсатында уақытша мораторий жариялау туралы мәселені талқылап жатырмыз. Дәл бүгін елімізде көлеңкелі экономиканың үлесі 23,5% құраса, біз бұл көрсеткішті төмендетуге ниеттіміз. Тауарларға цифрлық сәйкестендіру тиімді шешім. Өйткені нарықтық экономикада көлеңкелі сауданың рөлі азайып, заңды айналым артар еді. Мұның бәрі халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етіп қана қоймай, контрафакт әділ өндірушілер мен импорттаушылардың жұ­мысына кедергі келтіретінін атап өткен жөн. Сондықтан да тауарларға цифрлық таңбалауды жүргізу біріншіден тұтынушылар жағдайының жақса­руына жол ашса, екіншіден отандық бизнесті қолдауға мүмкіндік бар. Таңбалау саудадағы мәселелерді шешуге де көмектеседі. Таңбалауды енгізудің халықаралық тәжірибесінде көрсетілгендей, тауарды өндіру немесе елге әкелу кезінен бастап оның түпкілікті сатылуына және айналымнан шығарылуы­на дейінгі циклын қадағалауға ғана емес, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін арттыру­ға да жәрдемдеседі. Қазақстанда таңбалауды енгізудің өз табысты тәжірибесі бар. Осыдан 2 жыл бұрын темекі өнімдеріне таңбалау енгізілді. Соңын нәтижесінде қағаз акциздік маркаларды салу алынып, үстіміздегі жылы бизнеске 450 млн теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берген болатын. Былтыр цифрлық кодпен таңбаланатын тауар санының 219 млн қорапқа (+23,5%) артып, декларацияланатын өнімге сұраныс пен көлемнің ұлғаюына байланысты баламалы темекі өнімінің импорты 35% - ға өсті. «Электрондық акцизді» енгізу және бизнес пен мемлекеттік органдар үшін талдау мен нақты деректерді ұсыну мүмкіндігі пайда болды. Таңбалау мен қадағалауды енгізу есебінен 2025 жылға дейін бюджетке түсетін түсімдер 3 млрд теңгеден асады деп жоспарлануда.

– Аяқ киімді таңба­лау қалай жүргізіледі?

–Аталған тауарларға таңбалау­ды енгізу кезінде талдау жүргізіліп, оған сәйкес аяқ киімнің бір жұбын таңбалауға жұмсалатын жалпы шығын есебі төмендегідей болды. Аталған тауарлар орташа есеппен ірі сатылымда 19,9 теңгені (0,2%), орта сатылымда 49,5 теңгені (0,5%) және шағын сатылымда 37,3 тең­гені (0,4%) құрады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкер­лік палатасы салалық бизнес және қауымдастық өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау­лар өткізіліп, тауарларды таң­балаудың бірыңғай операторы «Қазақтелеком» АҚ мін­детті таңбалауға дайындық кезін­де Қазақстан үшін аяқ киім шығаратын 45 шетелдік зауытпен келіссөз жүргізілді. Олардың көпшілігі Ресей нарығына арналған аяқ киімді 1,5 жылдан бері таңба­лап келеді. Тауар айналымының көле­мі аз болған жағдайда тауарларға код жазу үшін арнайы жабдық пен бағдарлама қамтамасыз ету талап етілмейді. Өндірушілер мен импорттаушылар ақпараттық жүйеде таңбалау кодтарын алып, өз беттерінше басып шығаруға мүмкіндік бар. Олардың тауарларға таңбалау кодтарын өндірушінің зауытында, аяқ киім импортталатын үшінші елдің өндірісінде немесе қоймаларында, иә болмаса кедендік рәсімдер аяқталғанға дейін кеден қоймасында қолдана алады. Біздің елімізде аяқ киімнің міндетті таңбалануы өткен жыл­дың қараша айында енгізілді. Нәтижесінде аяқ киімнің ресми импорты 37,2-ден 53,1 млн жұпқа дейін 13 млн жұпқа (30 %) ұлғайды. Таңбалауды енгізгенге дейін 2018-2020 жылдары аяқ киім импортының көрсеткіші 35-39 млн жұп аралығында өз­геріп тұрды. Таңбалаудан кейін импорттың күрт өсуі нарықтың көлеңкелі жағынан шыққанын және мемлекеттік органдардың оны әкімшілендіру тиімділігінің өскенін айғақтайды. Шағын биз­несті қолдауда, таңбалау операторы 2022 жылдың 1 наурызында аяқ киімнің қалдықтарын тегін таңбалау бойынша акциясы басталды. Ол кәсіпкерлерге оператор қаражаты есебінен таңбалау кодтарын басып шығаруға мүмкіндік береді. Бұл ретте атқарылып жатқан істерге қарамастан, кәсіпкерлерден берілген өтініштерге орай елімізге әкелінген аяқ киім өнімдерін таңбалау мерзімі негізінен 2021 жылғы 1 қарашасына дейін болса, кәсіпкерлер өтініші қанағаттан­дыры­лып тағы 1 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды.

– Сіздің ойыңызша, таңбалауға міндетті тауарлар тізіміне қандай тауарларды қосу керек және жақын арада қандай тауарлар нақты таңба­ланатын болады?

– Бірінші кезекте контрафак­тілік ықтималдығы жоғары тауарларды таңбалау қажет. Сапасы мен қауіпсіздігі халық денсаулығына тікелей әсер ететін және көпшілік тұтынатын тауарлар мен әлеу­меттік маңызы бар тауарларды таңбалауды пысықтау маңызды. Бұдан өзге, міндетті таңбалауды енгізу үшін тауар топтарын қарау кезінде, экспортқа шығатын жоғары әлеуеті бар тауар топтарын ескеру қажет. Бұл жағдайда таңбалау ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдің аумағына енгізілген таңбалау түріндегі саудадағы техникалық кедергіні алып тастауға мүмкіндік береді. 2019-2021 жылдар аралығында дәрілік заттарды таңбалау жөнінде пилоттық жоба жүргізілді. Нәти­жесінде индустрия өкілдерінің ұсынысына сәйкес, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап іріктелген дәрілік заттардың тоқсанға жуық атауын міндетті кезең-кезеңмен таңбалауға дайын­дықты бастап кеткен болатын. Бұл Қазақстанда өндірілетін және өткізілетін дәрілік заттардың барлық көлемінің 1%-ы. Қазіргі таңда «Арыс», «Calipso» және «Tassay» минералды суларын өндіруші зауыттардың суына пилоттық таңбалау туралы ше­шім қабылданды. Алдағы уақытта міндетті таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі артатын болады.

– Тауарларды таңбалау олардың түпкілікті құнына қалай әсер етеді? Елімізде отандық бизнес үшін тауарларды таңбалау мен бақылауда орын алып отырған қандай олқы­лықтар мен кемшіліктер бар?

– Электрондық шот-фак­туралар, виртуалды қойма және басқа да ақпараттық жүйелер сияқты қадағалау құралдарын енгізуде халықаралық және қа­зақ­стандық тәжірибеде оң нәти­желер көрсетіп, жалпы мемлекет экономикасына, сондай-ақ әділ кәсіпкерлердің жағдайына дұрыс әсерін тигізді деп ойлаймын. Пилоттық жобаны іске асыру барысында тап болған негізгі проблеманың бірі кодтты енгізуге арналған жабдықтарда болды. Оны өндірістік желілер мен импорттық тауарлар үшін жапсырма орындарында монтаждауға, таңбалау кодтарын оқу және айналымнан шығаруда бөлшек сауда орындарын сканерлермен қамтамасыз етуде шығындар кезікті. Біз тап болған осы мәселе төңірегінде бизнес-қоғамдастықпен талқылай отырып, оларды шешуде нақты шаралар әзірленді. Мысалы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аяқ киімнің отандық өндірушілері таңбалау шығындарының 50%-ын өтеуге өтінім береуге мүмкіндігі бар екенің мәлімдеді. Бұдан өзге, салалық мемлекеттік органдармен және таңбалау операторымен бірлесіп, біз әлеуметтік маңызы бар тауарларға бақылау-сәйкестендіру белгілерін өтеусіз беру мәселесін қолға алып жатырмыз. Тауарларды таңбалап, оның қадағалануын және таңбаланған тауардың сапасы мен қауіпсіздігін арттырып, сол арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау тиісті деңгейде жүргізілер еді.

– Барлық кәсіпкерлер тауар­ды таңбалауды және қажетті есеп­тілікті жүргізуді, сонымен қатар жабдықты сатып алуды қаламайды. Аталған мәселелердің түйіні қалай шешілуде?

– Сауда-саттықты автоматтандыру құралы ретінде таңбалау сөзсіз бизнестің ашықтығына әкеліп, бұл әдеттегі бизнес-про­цестерін өзгертуді талап етеді. Мәселен, арнайы салық тәртібін қолданатын және айналым шек­теу­лері бар үйдің жанындағы дүкенді алайық. Олар автоматтандыруды қажет етпейді және 2D сканерін сатып алғысы келмейді деп болжауға болады. 2D сканері-бұл тауарды айналымнан шығару үшін қажет кассадағы ең жоғары құрылғы. Бұл жағдайда таңбалау операторы « NaqtySauda.Kassa» 2D-сканерлерді толық алмастыра алатын шағын бөлшек сауда желісі үшін қосымша темекі өнімдерін таңбалау кезінде апробациядан өтеді, Play Market және App Store-да жүктеу үшін қолжетімді болады. Тауарды сатып алушы, өз кезегінде, «NaqtyOnim» қосымшасын жүк­теу және өнімнің DataMatrix кодын сканерлеу арқылы өнімнің түпнұсқасы мен оның сапалық сипаттамаларын тексере алады. Тауарларды таңбалау және оларды қадағалануын енгізу тұтастай алғанда Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізеді деп сеніммен айтуға болады. Өйткені әділ бәсекелестікті қалыптастыруда тауарлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беріп қана қоймай әрі тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етер еді.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

2127 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы