• Инфрақұрылым
  • 12 Мамыр, 2022

Үй құрылысындағы ұтымды шешім

Құрылыс саласындағы ірі инвестициялық жобалардың  бірі – елордадағы GLB үй құрылысы комбинатының базасында жыл сайын 450 мың шаршы метр тұрғын үй салу үшін өнім шығаруға мүмкіндік беретін әмбебап технологиялық желі іске қосылды. Онда үлкенпанельді үй құрылысында ауқымды жоспарлау алаңымен кез-келген жобаларды жасауға болады.

Жаңа желіде 7.2х3.6 м өл­шемдегі кернеулі арматурасы бар жабын плиталар дайындалады. Үлкенпанельді үй құрылысында осындай құрылымдардың, автоматтандырылған заманауи жабдықтардың көмегімен кез-келген сәулет-жоспарлау жобасын, үйлердің шексіз түрлерін шығару мүмкін болады. Тұрғын үй ғимараттарының элементтері комбинат цехтарында жиналғандықтан, құрылыс алаңдарындағы жұмысшыларға тек монтаждау жұмыстары ғана қалады. Осылайша, үй құрылысы комбинатының  өнімдерін пайдалана отырып, құрылыс салушылар көппәтерлі үйлердің құрылыс мерзімін бірден бірнеше есеге қысқарта алады. Бүгінде комбинат құрылысы ұзаққа созылған үйлердің (Бағыстан, Алтын шар) проблемасын шешуге, сол сияқты әлеуметтік тұрғын үй салуға жұмылдырылған. Зауыттың қуатын арттыру арқылы әлеуметтік нысандар құрылысының қарқыны күшейіп, қосымша тұрақты жұмыс орындары құрылады. Осыған дейін үй құрылысы комбинаты несие берушілер мен кәсіпорын қызметкерлеріне 600 млн теңгеге жуық қарыз болған. Енді мемлекет қолдауының нәтижесінде бұл қарыз өтеліп, комбинаттың жұмысы қайта жанданды.

Жаңа желінің сөзсіз артықшылығы сол, технология әртүрлі архитектуралық шешімдермен жылжымайтын мүлік салуға мүмкіндік береді. Басқа үй құрылыс зауыттарынан айырмашылығы, GLB өнімдерінің жиынтығы белгілі бір сериямен байланысты емес. Бұл жоғары сапалы үйлерді жобалау, өндіру және салу үшін барлық мүмкіндіктерге ие жаңа буын кәсіпорны. Зауытта BIM-технологиялары қолданылады, бұл – кез  келген архитектуралық күрделіліктегі ғимараттарды 3D форматында ақпараттық модельдеу. Яғни, оңтайлы өзіндік құнға қол жеткізуге кепілдік беріп, жобалау, өндіру және құрылыс кезеңінде шығындарды азайтады.

Үздік автоматтандырылған еуропалық жабдық өндірістегі адами факторды да толығымен жояды және шығарылатын темірбетон бұйымдарының 100% зауыттық сапасын қамтамасыз етеді, дейді компаниядағылар. Конвейерлерден құрылыс алаңына мінсіз тегіс қабырғалар жеткізіледі, олар әрлеу үшін дайын. Панельдер жоғары жүктемелерге төтеп береді және әртүрлі физикалық және химиялық әсерлерге төзімді. Зауыт құрылымдардың беріктігі мен сенімділігіне, сондай-ақ шу мен жылу оқшаулаудың жоғары деңгейіне кепілдік береді. Кәсіпорында бетонның төмен температуралық қатаю процесі енгізілген, бұл энергия шығынын 50%-ға төмендетеді. Ал үйлердегі шу оқшаулау деңгейінің мәні нормадан 20%-ға асады.

Қазірде зауыт өнімі елорда­ның перспективалы ауданында орналасқан Grand Victoria жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысында пайдаланылуда. Бұл стильді сәулеттік келбеті бар заманауи әрі жайлы ғимарат саналады. Шаһарға ерекше көрік беретін жобада пәтерлердің функционалды орналасуы, ойластырылған ішкі инфрақұрылым, қауіпсіз аула – тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартатын барлық қажеттіліктер ескерілген.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

559 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы