• Мәдениет & Спорт
  • 19 Мамыр, 2022

Журналистер біліктілігін арттырды

Түркітілдес журналистер қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы, Шымкент, Қостанай қалаларында «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Аталған жобаға Қазақстан­дағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясы қолдау білдірді. Таяуда Алматы мен Шымкентте ұйымдастырылған семинар-тренингке Британиядан «Avrupa» медиа холдингінің қожайыны, журналист Ватан Өз бен ВВС телеарнасы­ның Нидерландтағы меншікті тіл­шісі Юсуф Өзкан шақырылды. Шараға Алматы қаласымен бірге Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймақтарындағы телеарна, газет, сайт, радиоарналарда жұмыс істейтін 80 журналист қатысты. Жобаның бас­ты мақсаты – журналистердің ақпарат алу және таратудағы кәсіби білігін арттыру, факт­чек жасау тәсілдерін меңгерту, деректерді тексеру, жалған ақпа­ратпен күресуге үндеу.

«Бұл жоба негізінен былтыр­ғы  жылдың аяғында басталды, ZOOM платформасы арқылы төрт айға созылған онлайн курс биылғы жылдың басында аяқ­талды. Семинардың басты мақ­саты – жалған ақпараттармен күрес, БАҚ пен әлеуметтік желі­лердегі ақпараттық манипуляцияны анықтау, деректерді тексеру, фактчек жасау. Оған қоса ақпараттық манипуляциядан аулақ болу жайлы үйренеді», – деді «Түркітілдес журналис­тер қоры» қоғамдық қорының президенті Назия Жоямерген­қызы.

Алматыдағы семинар-тре­нингтің ашылу салтанатына Қазақ­стандағы Америка Құ­­ра­­ма Штаттарының бас консулы  Кэролайн Сэвидж қатысып, журналистермен кездесу кезінде жалған ақпаратпен күрестің маңызына тоқталды. «Журналист кез келген ақпаратты жариялағанда адамдарды адас­тырмау үшін жауапкершілікті сезінгені жөн. Одан бөлек, әлем­дегі тың ақпаратты тарата білу – журналистердің артықшы­лы­ғы деп білемін. Пандемия бас­тал­ғалы коронавирус пен вакцинаға қатысты дезинформация мен конспирология­лық ақпараттардың қалай тез тарағанын барлығымыз көрдік. Өкінішке қарай ол вирусқа қа­рағанда тез тарады. Оған қоса Ресейдің Украинаға басып кіруі мен климаттың өзгеруі және өзге де мәселелерді мысалға келтіруге болады. Сол себептен сіздердің жұмыстарыңызда мұқияттылық пен біліктіліктің жоғары болғаны маңызды», – деді бас консул.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

96 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы