• Руханият
  • 19 Мамыр, 2022

БАЯНЖҮРЕК ТАУЫ

Баянжүрек – Жетісу Алатауының бөктерінде орналасқан аласа 
қалдық таулар.
Олардың ұзындығы 14 шақырым, ал ені 6 шақырым, абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 2079 метр. Баянжүрек баурайынан Бүйен өзенінің салалары бастау алады. Бұл таулар Баянжүрек петроглиф­тік кешенімен көпке танымал.
Оңтүстік-батыс беткейдегі жартастар мен ірі тастарда жүздеген тасқа қашалып салынған суреттерді кездестіруге болады. Бұлардың оқиға желісі мен мәнері басқа жетісулық ескерткіштерден ерекшеленеді. Бейнелердің басым бөлігі қола дәуірінде тасқа түскен. Баянжүрек жартастарында салт атты ерлер, ат жарыс, жаяу мергендер, аңшылық көріністері, түрлі аңдар және сол кездегі адамдардың болмыс жайлы танымын бейнелейтін грифон құстар сияқты қиял-ғажайып бейнелер қашалып салынған.
Баянжүрек петро­глиф­терінің басты өзгешелігі Түркі дәуіріне қатысты ортағасырлық суреттердің көптігімен сипатталады.

397 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы