• Көкейкесті мәселе
  • 19 Мамыр, 2022

Дені сау отбасы – бақытты болашақ

Балқаш қаласының №1 емханасы, «Ғибрат» жастар денсаулық орталығы Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен балалар жылы аясында көптеген игі шараларды жүзеге асырды.

Қарағанды облысына қарасты Балқаш қаласының Саяқ ауылындағы емханада тар сала мамандары балаларды медициналық тексеруден өткізді. Сонымен қатар балалар офтальмологтың, невро­патологтың, хирургтың консультациясын алды. Дәрі­герлік амбулаторияда физиокабинет ашылды, кабинет магнитотерапияға арналған «Полимаг», УВЧ, дарсонвализация, «Поток» электрофорез аппараты, кварц түтігі сияқты құрылғылармен жабдықталды. Сондай-ақ, ауылдың жас тұр­ғын­дары ауылдық дәрігерлік амбулатория жағдайында тұз шахтасына бара алады. Саяқ ауылындағы дәрігерлік амбулатория емхана жанында жұмыс істейді. Мұнда ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арт­тыруға барынша жағдай жасал­ған.

Сонымен қатар балалар жылына, сондай-ақ Халықаралық отбасы күніне арналған «Шәкірт саулығы» іс-шараларын жүзеге асыру аясында «Дені сау отбасы – бақытты болашақ» атты Балқаштағы Хамзин мәдениет сарайында қала тұрғындарына арналған шара өтті. Оған қала тұрғындары отбасылары­мен қатысты. Бұл күні ата-аналар мен балалар педиатрдың, де­фектологтың, психологтың кеңесін алды. Отбасының әрбір мүшесі қан қысымын анықтап, холесте­рин мен қандағы глюкоза дең­гейін тексерді. Сабақ кезін­де демалуға және адамның пси­хо­эмоционалдық жағдайын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік беретін арт-терапияға балалар мен ересектер ерекше қызы­ғушылықпен қатысты.

Іс-шараның мақсаты – отбасында салауатты мінез-құлық, жанұядағы пайдалы дағдыларды қалыптастыру, мекемені, отбасын нығайту, отбасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

381 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы