• Өндіріс тынысы
  • 19 Мамыр, 2022

«Шымкентмай» шыққан белестер

Отандық май-тоңмай саласының ірі өндірушісі, 80 жылдық тарихы бар «Шымкентмай» зауыты кезекті жаңа өндіріс желісін іске қосты. Енді көпжылдық тәжірибеге ие озық өндіріс цехында басқа да өнімдермен қатар, майонездер мен тұздықтардың бірнеше түрлері шығарылады.

Қазақстан Даму банкінің қолдауымен өткен жылдың соңында жаңа өндірістік ғимараттың құрылысы, рафинадтау цехының іске қосылуы аяқталса, жуырда терең тазар­тылған мақта майында майонездер мен тұздықтар өндіру желісі іске қосылды. Алдағы кезеңде өнім түрін жиырмаға дейін арттыру жоспарлануда.  Құны шамамен 1 млрд теңгені құрайтын жобада майонез цехының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 26 жаңа жұмыс орны құрылды. Цех бір ауысымда жұмыс істей отырып, жылына 3 мың тонна өнім шығара алады. Ал сұраныс өскен сайын тәулік бойы жұмыс режиміне көшу көзделген.

Ассортименттегі жаңа бірліктен басқа, зауытта мақта, күнбағыс, соя, мақсары және рапс майлары шығарылады. 80-ші жылдары онда шаруашылық сабынын өндіру жолға қойылған болатын. Бұл қайта өңделген май өнімдерін – тазартылған май қышқылдарын пайдалану үшін жасалып, зауытқа экологиялық таза, ал тұтынушыларға табиғи гипоаллергенді өнім алуға мүмкіндік берді. Сабын қайнату саласында үлкен өндірістік тәжірибеге ие, жаңа рецептураларды меңгеріп, енгізген компания жасанды ағартқыштар мен синтетикалық хош иістердің болмауына ерекше ден қойған. Яғни, шығарылатын сабын гипо­аллергенді өнімге айналып, күнделікті өмірде және косметология саласында қауіпсіз қолданылады. Шаруашылық сабыны  бағытын дамыту бойынша жоспар үлкен, сондықтан алға қойылған міндеттерді орындау үшін цехта жабдықтарды ауыс­тыру қажеттілігі туындады. Зауытты жаңғыртуға кәсіпорынның көпжылдық іскерлік серіктесі Сбербанк Қазақстан көмектесті. Жаңа технологиялар сапалық сипаттамалары жақсартылған аралық өнімді алуға мүмкіндік береді, бұл тиісінше түпкілікті тауардың сапасын да жақсартады, сондай-ақ қуатты арттырады, тазартылған май қышқылдарын өңдеу процесінде энергия ресурстарын тұтынуды және техно­ло­гиялық ысырапты азайтады. Технологиялық процестерде алынған тамақ пен қауыз ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін жем өндіруге жұмсалады.

Өткен жылы зауыт 32 мың тонна өсімдік майын, 94 мың тонна азық өнімін, 6,8 мың тонна кір сабын өндірді. Елдегі майлы дақылдарды қайта өңдеу өнімдерінің ірі өндірушісі болғандықтан, кәсіпорынның экспорт алдындағы операцияларын кредиттеу тұтастай алғанда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін нығайтуға септігін тиізеді. «Шымкентмай» қуаттылығы ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабуға жеткілікті, сондықтан сыртқы нарық та ойдағыдай игерілуде. Өнімнің 60%-ы өз ішімізге, қалғаны экспортқа жіберілетін болады. Ішкі нарықта компания өнімдері негізінен еліміздің оңтүстігінде: Шымкент, Түркістан, Тараз, Алматы және Сарыағаш қалаларында, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарында сатылады. Ал экспорттың негізгі бағыттары – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ АҚШ және Түркия елдері болып отыр.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

409 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы