• Мәдениет & Спорт
  • 26 Мамыр, 2022

БАЛЫҚТЫКӨЛ

Қазақстанның оңтүстігіндегі бұл кішкентай көлді Google картасынан таба алмауыңыз мүмкін, бірақ бұл жер өзінің табиғи сұлулығымен, жанға жайлы тыныштығымен кез-келген табиғатқа құмар жанды өзіне тарта алады.
Балықты ауылы кеңес уақытында өткен ғасырдың басындағы Столыпин аграрлық реформасы кезінде Қазақстанға жіберілген Герасим Корниловтың құрметіне – Корниловка деп аталған болатын.
Кейін тәуелсіздік алғаннан кейін ауыл – Балықты деп аталды. Бұл ауыл Балықтыкөл көлімен көршілес болғандықтан, қазақ тілінен аударғанда «балығы мол көл» деген мағынаны білдіреді.
Бұл көлге жол үлкен алма бағы арқылы өтеді. Шағындығына қарамастан, Балықтыкөл тереңдігі  кейбір жерлерде 25 метрге жетеді. Бұл жерде су кристалды таза және жергілікті қараушылар тәртіпті қадағалайды.
Шымкент қаласынан шамамен 60 шақырым жерде орналасқан бұл көл  Түлкібас ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябағының бір бөлігі болып табылады.

244 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы