• Спорт
  • 26 Мамыр, 2022

Классикалық апперкот соққысымен...

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы кәсіпқой бокс кешінде WBO белбеуінің «уақытша» чемпионы атағы үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО)  мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 KO) арасындағы жекпе-жек өтті.

Жекпе-жек ұзаққа созылмады. Бәсеке басталған бетте Ж.Әлімханұлы қарсыласын бірден қыспаққа алды. Жой­қын соққыларын дәл дарытып, оған еш бас көтерткен жоқ. Бірінші раундтың өзінде нокдаун белгіленді. Төреші онға дейін санағанша Д.Дигнум есін жиып үлгерді. Бірақ жерлесіміз қарқынын еш бәсеңдетпеді. Үнемі шабуыл өтінде жүрген Ж.Әлімханұлы екінші раундтың соңғы минутында британиялық боксшының осал жерін тапты. Қарсыласы кермек арқанға тіреліп, қорғанумен болды. Отандасымыз бірнеше ауыр соққы жұмсады. Соның ішінде алыстан сілтеген кросс әдістері дәл тиді. Осы сәтте Д.Дэнни әлсіреп қорғануға да шамасы келмеді. Осындай сәтті тиімді пайдалана білген жерлесіміз сол қолымен иектің астынан апперкот соқ­қысын өткізді. Қатты соққыны жіберіп алған британиялық боксшы есінен танып, еденге оңбай құлады. Нокаут­пен таза жеңіске жетті.

Жәнібек Әлімханұлы осымен 12-жеңісіне жетіп отыр. Оның 8-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Дигнум карьерасында алғаш рет жеңілді.

Қазір орта салмақта WBO әлем чемпионы титулы аме­ри­калық Деметриус Андра­деде (31-0, 19 КО). Оны ұйым Жәнібек Әлімханұлымен жұ­ды­рықтасуға міндеттеген. Егер америкалық жекпе-жектен бас тартса, отандасымыз титулды жекпе-жексіз жеңіп ала алады. Осы орайда Жәнібек Әлім­ханұлына WBA Super, IBF және IBO титулдарының иесі, қазақ­стандық Геннадий Головкинмен де жекпе-жек өткізу туралы сұрақ қойылды. «Бұл – қазақ дәстүріне жат қылық. Біз үлкенге қол көтермейміз. Головкин жо­ғары дивизионға көтеріледі деп үміттенемін. Өйткені мен орта салмақтағы барлық бел­беуді жинағым келеді», – деді Ж.Әлімханұлы.

НҰРЛАН ҚҰМАР

117 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы