• Руханият
  • 26 Мамыр, 2022

Халқымыз жадындағы жазылмас жара

Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.

Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 миллионнан астам адам жіберілді. 1920-30-жылдар­дағы ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жар­тысы­на жуығы қырылды. Тек Қазақстанда 20 мыңнан астам адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаға кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайрат­керлері, ұлт зиялылары бар.Осы жылдары немістер мен шешендер, Қырым тартарлары және басқа ұлттар елімізге жаппай жер аударылды.

Кеңестік билік жергілікті тұр­ғындардың ұлттық ерекше­ліктері мен мүдделерін қорғау­шыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жабылып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сес­кенген тоталитарлық билік өкіл­дері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылдың күзінде Қазақстанға басшылық қызметке Ф.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстан­ды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Ф.Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қыз­меттерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

115 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы