• Бизнес & Қоғам
  • 02 Маусым, 2022

Саяжайлар елді мекен мәртебесін алады

Алматы облысында саяжайлық бірлестіктер мен бау-бақша серіктестіктеріне елді мекен статусын беретін механизм іске қосылып, Алматы аймағында тұратын 183 мыңнан астам адамның аса өзекті мәселелерінің шешілуіне септігін тигізеді. Облыс бойынша барлығы 705 саяжайлық алқап бар. Сондықтан саяжай мәселесі күн өткен сайын өзекті бола түсуде. Оның тиімді жолмен шешу 135 саяжайы бар Еңбекшіқазақ ауданы үшін де маңызды. Бүгін өткен кездесуде облыс әкіміне қойылған сұрақтардың басым бөлігі салаға арналғаны бекер емес.

Тұрғындар қойған сауалдарға жауап берген облыс әкімі Қанат Бозымбаев саяжай тұрғында­ры қажетті инфрақұрылымға қол жеткізу үшін, бұл ең алдымен мектептер, балабақшалар, ауруханалар, жолдар мен көшелерді жарықтан­дыру, орталық­танды­рылған ауызсу мен табиғи газ болғандық­тан саяжайларға елді мекен статусын беру мәселесін шешу керектігін атап өтті. Өйт­кені, қа­зақстандық заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы билік бюджет қаржысын ауылдық және қалалық аумақтарды дамытуға ғана жұмсай алады. Саяжай ко­опе­ра­тивтері бұдан сырт қалады.

«Осы мәселені мен ел пре­зидентіне, үкімет басшысы­­на жеткіздім. Соған сай қажетті қол­дау мен мақұлдау алдық. Қа­зір әрбір ауданға бас жоспарды түзету мен толық жоспарлаудың жобасын жасау үшін шамамен 500-700 миллион теңге көлемінде қаржы бөліп отырмыз. Осыған орай бас жоспарларды пысықтау жөніндегі ауыр жұмыстарды биыл аяқтаймыз деп ойлаймын. Келер жылы егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен айналысамыз. Одан соң республика­лық бюджеттен қаржы алу үшін өтініш беріп, жетіспегенін жер­гілікті бюджеттен бөлдіреміз. Соның арқасында 2-3 жылдың көлемінде саяжайлар елді мекен статусын алады. Бұл мәселе осы кезге дейін мүлде шешілмегенін ескерсек, межеленген мерзімге шыдауға болады», – деді облыс әкімі.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

2255 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы