• Бизнес & Қоғам
  • 30 Қараша, 2012

Сот төрелігінің қоғамдық маңызы зор

Құқықтық мемлекет құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларын дамыту - адами құндылықтарды және ең алдымен тұлғаның денсаулығының, құқықтарының, бостандықтарының, қадір-қасиетінің, ар-намысының және мүдделерінің басымдығын мойындауды көздейді. Осыған байланысты, жеке адамға қарсы жасалған қылмыстардың ғана емес, жеке адамға қарсы қылмыстармен тікелей немесе жанама түрде байланысқан басқа да қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің сипаты қайта бағалауды қажет етеді. Құқықтық мемлекет құру жағдайларында осындай құқыққа қайшы әркеттерге сот төрелігіне қарсы қылмыстар да жатады. Қазіргі таңда сот төрелігінің үлкен қоғамдық маңызы бар, өйткені, оның негізгі қызметіне адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сонымен қатар ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоршаған ортаны, мемлекеттің конституциялық құрылысын, адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін (жоғарыда айтылғаннан басқа, оған тағы да қылмыстарды жасауды алдын алу, қылмыскерлерге ықпал етудің заңи шараларын қолдану сонымен қатар, бұзылған құқықты қалпына келтіру кіреді) қорғау жөніндегі әрекеттер жатады. Сондықтан сот төрелігі саласындағы жағымсыз әлеуметтік ауытқулардың әртүрлі нысандарының көрініс табуы, олардың қоғамдық қауіпті бола бастауы, оларға ықпал етудің антикриминалдық шараларын жүргізу арнайы криминологиялық зерттеулерді қажет етеді, бұны сот төрелігіне қарсы қылмыстардың мәнін ұғынбай, осы қылмыстық әрекетті талдамай жасау мүмкін емес.           

Алдыңғы кезеңдерде сот төрелігіне қарсы қылмыстар қылмыстық құқық ғылымының зерттеуінде ғана болған, кейін бірте-бірте осы қылмыс түрлері криминология ғылымының да  зерттеу ауқымына ене бастады, бірақ соңғысы үшін олар әлі жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Сот төрелігіне қарсы қылмыстарды зеттеу жөнінде алғашқы отандық арнайы монографиялар өткен ғасырдың  60-жылдарының басында пайда бола бастады. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің қабылдануына байланысты қарастырылып жатқан қылмыстар тобының проблемаларына ғылыми қызығушылықтың жаңа  қарқыны басталды.  Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың жеке түрлерін және қылмыс құрамдарын зерттеу жүргізіле бастады.

Сот төрелігіне қарсы қылмыстарды классификациялау, регламенттеу, саралау және дифференциациялау және қылмыстық құқықтық нормаларды жетілдіру проблемаларын шығармашылық тұрғыда зерттеу процесі әлі күнге дейін жалғасуда.

Осы жұмыстардың барлығы дерлік осы әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық жөніндегі сұрақтарды қарастыруға арналған. Бірақ, сот төрелігіне қарсы қылмыстардың көп аспектілігі, осы қылмыстарды зерттеу үшін теориялық және тәжірибелік маңызы бар сұрақтардың ауқымын кеңейтуді талап еткен, жалпы сот төрелігіне қарсы қылмыстылықтың әлеуметтік-құқықтық табиғатын талдау қажеттігі өсті. Сәйкесінше, қарастырылып жатқан қылмыстық әрекеттерді зерттеуде криминология ғылымының мәліметтеріне жүгіну қарқынының өсуі таң қаларлықтай жағдай емес.

Ресейде жүргізілген арнайы зерттеулерде сот төрелігіне қарсы қылмыстардың криминологиялық аспектілері мынадай: осы әрекеттердің себептері мен жағдайлары, оларды алдын алу сұрақтары, сонымен қатар қылмыскерлердің тұлғасы аталып көрсетіліп отырды. Сот төрелігіне қарсы қылмыстар үшін криминологиялық тұрғыда маңызы бар сұрақтар, ішінара, құқық қорғау қызметкерлері жасайтын немесе оларға қарсы жасалған қылмыстарға арналған зерттеулерде қарастырылған.

Сот төрелігіне қарсы қылмыстарға криминологтар қылмыстық құқықтың зерттеушілеріне қарағанда азырақ көңіл бөлген, бірақ сот төрелігі саласындағы қылмыстылықты едәуір кеңірек криминологиялық тұрғыда талдау жүргізілген.

Осы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылық  жайлы сұрақтарды қарастыру және оларды заң шығарушылық тұрғыда реттеу, қарастырылып жатқан қылмыстарды алдында мәлім болмаған әлеуметтік бақылаудың кепілдері мен механизмдерін, реттеуіштерін жасап шығара алмайды. Қоғамдық қатынастар жүйесінде  әлеуметтік және құқықтық құбылыс ретінде сот төрелігі саласындағы қылмыстылықтың заңдылықтарын, оның табиғатын, генезисін, негізгі криминологиялық көрсеткіштерін және даму үрдісін, сонымен қатар қылмыскер тұлғасын зерттеу арқылы, осы жағымсыз құбылысты бейтараптандыруға, әлсіретуге және оның себептерін жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралардың жүйесін ұсынуға болады.

Осы қылмыстардың жалпы криминологиялық мазмұны жайлы тек қана олардың көрініс табу саласы ғана емес, сонымен қатар осы қолсұғушылықтардың нақты айқындалған бағыты куәлік етеді. Олар сот төрелігіне қарсы жасалады, сол кезде сот билігінің тәуелсіздігіне, сот төрелігін жүзеге асыруға қатысатын тұлғалардың процессуалдық дербестігіне және қауіпсіздігіне  нұқсан келтіріледі, сонымен қатар, сот төрелігінің қағидаларының, оны іске асыруда іс жүргізушілік нормалардың бұзылуына әкеп соғады – осының бәрі Қазақстан Республикасындағы сот билігінің  қалыпты қызметі үшін теріс ықпалын тигізеді

Сот төрелігі саласындағы қылмыстар сот төрелігіне қарсы бағытталған, соттың және оған ат салысатын субъектілердің іс жүргізушілік қызметін бұзуда және оған қарсы тұрудың әр түрлі нысанында көрініс табатын, қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы, қылмыстық жауаптылықты көздейтін іс әрекеттердің (сонымен қатар, оларды жасаушы тұлғалардың) күрделі жиынтығы. Осы қылмыстылықтың түрінің өзіндік белгілері ғана емес, сонымен қатар, оны алдын алу шараларын қолдануда ерекшеліктері бар, сондықтан оларды криминологиялық зерттеудің дербес объектісі ретінде қарастыруға барлық негіздер бар.

Шыңғыс Рсалин, Медеу ауданының прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы

662 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы