• Аймақ тынысы
  • 09 Маусым, 2022

«Жас ұшқыш» мектебі ашылды

«Балалар жылы» аясында Талдықорғандағы Оқушылар сарайында «Жас ұшқыш» мектебі ашылды. Аталған қосымша білім беру ұйымында 160 бала авиация саласының алғашқы әліппесі туралы дәріс алатын болады.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев мектептің ашылу рәсіміне қатысып, оқушылармен кездесті. Оқу­шылар сарайындағы арнайы жасақталған кабинеттің мате­риалдық базасымен таныс­қан облыс басшысы өз тілегін жеткізді. «Күні ертең біреуің ұшқыш, бірің стюардесса, енді бірің борт механигі болып, бола­шақ өмірлеріңді авиациямен байланыстыруларың мүмкін. Бұл мектеп сол арман-мақсаттарыңа жол көрсетеді. Болашақта облыс аумағында авиациялық колледж ашылады, елімізде азаматтық авиация академиясы, әскери учи­лищелер бар. Осы мектептен қанаттанып шығып, білімде­ріңді сол оқу орындарында жал­ғас­тыруларыңа болады. Осы мектепте жақсы оқып, дұрыс білім алып, Талдықорғанның атын шығарып, үлкен дәрежеге жетесіңдер деп сенемін», – деді ол.

Азаматтық авиация академия­сының проректоры Алжапар Сәретбаев та жеткіншектерге Айдын Айымбетовтей азамат болуларына тілектестік білдірді. Оның айтуынша, мұндай мектеп тек Ақтөбеде бар. Бұл – елімізде ашылып отырған екінші мектеп. Балаларға кәсіби бағыт-бағдар беруде бұл үйірменің берері көп болмақ.

Қонақтармен әңгімелесу барысында балалар армандарын айтып, ой бөлісті. Балалардың бірі экологияға зиянсыз жаңа ұшақ құрастыруды армандаса, енді бірі ұшақтың әрбір ұсақ тетіктерінің бәрін меңгергісі келеді.

НҰРЛАН ҚҰМАР

723 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы