• Ядролық энергетика
  • 09 Маусым, 2022

Атом және ашық ақпарат

Маусым айының алғашқы күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Баспасөз клубы және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы аймақтық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлесіп ұйымдастырған «Жария компаниялар: трендтер, капитализация және бедел» атты іскерлік журналистика тақырыбында медиа-тренинг болып өтті.

Оффлайн және онлайн форматында өткізіліп отырған іс- шараны компанияның экономика және жоспарлау жөніндегі басқарушы директоры Ұлан Хасанов, жария компанияның кез-келген инвес­торы өзінің инвестициялық шешімдеріне әсер ете алатын ақпаратқа тең және уақытылы қол жеткізуді, ақпараттың толық және нақты болуын, инсайдерлік ақпарат – бағалы қағаздар, олармен жасалатын мәмiлелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздарды шығарған (берген) эмитент, оның жүзеге асырудағы қызметі бойынша коммерциялық құпияны құрайтын дәйекті ақпарат пен үшінші тұлғаға беймәлім, жа­риялымдағы бағалы қағаздар құнының өзгеруіне және олардың эмитентінің қызметіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпаратқа, құпия ақпарат – жария етілмейтін, сенімділікпен берілген ақпаратқа, сонымен қатар шоғырланған қаржылық көрсеткіштер мен жаңа дивидендтік саясаты аясында түсіндірді.

Аталған шараның негізгі спикері ретінде қаржылық журналистика бойынша медиа-тренер, «PR-шы» клубының вице-президенті, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ы PR-менеджері Айбар Олжаев компания қызметінің маңызды көрсеткіштері – неге назар аудару керек деген тұрғыда іскерлік журналистика: жария компаниялардың ерекшеліктері, атом саласының келешегі, беделді басқару және капитализация, сөз бен қаржы арасындағы тікелей байланыс феномені мен аудиттелген қаржылық есептілікті және цифрларды қалай оқу керектігін журналистерге түсіндірді. Жалпы жария компания деген не, отандық жария компаниялар, IPO, компания құны мен акциялар санын есептеу, андеррайтер қызметі,SPO, LSE, KASE, AIX Қазақстандық халықаралық жария компаниялар мен GOR, жай акциялар және «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік құрылымының 2018-2020 жылдары аралығында пайыздық көрсеткіші талданды. Компания ның 100 пайыздық – 259 356 608 акциясының 75 пайызы – 194 517 456 акциясы Самұрық-Қазынаға, 25 пайызы – 64 839 152 компанияның өзіне тиесілі екен. 2018 жылы IPO – 14,92%; 2019 жылы SPO – 18, 72% және 2020 жылы 25% болған.

Атом секторының нарықтық капитализациясы мен көмірсутегі бейтараптылық бойынша әлемдік трендтегі декарбонизацияға, атом – таза энергия деп танылса, басқа «жасыл энергия» түрлеріне қараған­да, сирек кездесетін металлдарды қолдануды қажет етпейтіндігін және тұрақты энергия генерация­сын қамтамасыз ететіндігін айтты. Кіші модульді раекторлар әлем елдері КМР жобасын белсенді түрде қарастырып келеді. Еліміз әлемдік уран өндірісінің 46 пайызын алса, 24 пайызы аталған компанияға, қалғаны Жапония, Канада Ресей, Қытай елдеріне тиесілі екен.

Медиа-тренер сөз соңында ESG және өндірістік компаниялардың өз қызметкерлеріне әділ болу трендтеріне оның ішінде эколо­гиялық, әлеуметтік және ұжымдық басқару принциптеріне тоқталды.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

712 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы