• Отандық өнім
  • 09 Маусым, 2022

Жаңғырту нәтижесінде жаңа өндірістің негізі қаланды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Eurasian Foods Corporation қазақстандық холдингінің құрамына кіретін өңірдегі ең ірі сүт өңдеу зауытында болды. Eurasian Milk мамандары жаңғыртудың ішкі жоспарына сәйкес жақында іске қосылған жаңа технологиялық желілердің жұмысын көрсетті.

Өңір басшысы зауыттың жұ­мы­сымен танысып, «Eurasian Milk» ЖШС-нің жоғары өндірістік әлеуетін, сондай-ақ компанияның өңірдің тамақ өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін атап өтті. «Облыста Eurasian milk сүт зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі 13 млрд теңгені құрады. Кәсіпорында заманауи еуро­палық қондырғылар орнатылды. Сондай-ақ, аталған кәсіпорынның іске қосы­луының арқасында облыста 120 тұрақ­ты жұмыс орны ашылды. Сүт зауытта­рын шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 10 шаруашылықты пайдала­нуға беру міндетін қойдық. Жоспар орындалуда», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Eurasian Milk бас директоры Андрей Гриценко зауытты жаңғыртуға айтарлықтай инвестициялар бағыт­тал­ғанын атап өтті. Жаңғырту процесі бірнеше кезеңге есептелген, бірақ қазіргі заманғы жаңа өндірістің негізі бүгінде қаланды. Кәсіпорын қазірдің өзінде «ірімшік», «май» және «қышқыл сүт өнімдері» санаттарында сүт өнімдерінің ассортиментін шығарады.  «Зауытты технологиялық қайта жарақтандыруға қазірдің өзінде біз 6,5 миллиард теңгеден астам инвестиция салдық және оған тағы 7,3 миллиард теңге инвестициялау жос­парлануда. Біз өз саламызға арналған жабдық өндіру жөніндегі жетекші әлемдік компаниялармен ғана емес, сондай-ақ дәстүрлі «сүт» елдерінің технологтарымен де ынтымақтасамыз. Біз тұрақты негізде Швейцариядан, Австриядан, Польшадан келген мамандармен жұмыс істейміз, олар ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде біздің қызметкерлерімізге технологияларды басқару процесін жетілдіруге көмектеседі, рецептураларды әзірлеу мәселелері бойынша консультация береді. Нәтижесінде біздің кәсіпорын сапалы жаңа деңгейге шығады деп үмітте­неміз. Сату нәтижелері қазақ­стандық тұтынушылар мен біздің бизнес-серіктестер Eurasian Milk өнімінің дәмі мен жоғары сапасын бағалағанын куәландырады. Қазір біздің өнімдеріміз еліміздің дүкен сөрелерінде ұсынылған және болашақта біз нарығымыздың үлкен үлесін алып жатқан ресейлік, бело­рустық, украиндық өндіруші­лермен байыпты бәсекелесуді жос­парлап отырмыз, ал алдағы уақытта СҚО өнімдері туралы Қазақстаннан тыс жер­лерде де білетін болады», – деді А.Гриценко.

Кәсіпорынды дамытудың бірінші кезеңінің ағымдағы қуаты жылына 55 мың тоннаға жуық қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Жобаны жоспарлау барысында холдинг мамандары қазіргі уақытта кәсіпорында жұмыс істейтін белгіленген желілерде іске асырылған бірегей және жалғыз шешімдер қабылдады. Осылайша, Қазақстандағы өзінің өнімділігі мен бірегейлігі бойынша Германиядан шикі сүтті қабылдау және қайта өңдеу желісі бір оператордың басқаруымен бір мезгілде 8 операцияға дейін орындауға қабілетті. Австрия мен Швейцариядан келген мамандарды жобалауға жеке көзқарас кәсіпорында ең аз энергия шығындары мен технологиялық шығындары бар әмбебап өнімдерді алуға мүмкіндік беретін ірімшіктер мен май өндіре­тін автоматтандырылған желілерді орнатуға мүмкіндік берді. Бұл ретте сүтті қайта өңдеу көлемінің ұлғаюына байланысты жаңғыртудың кейінгі кезеңдерінде жаһандық техникалық қайта жарақтандырусыз жаңа тораптарды модульдік қосу ғана талап етіледі. «Моцарелла», «Бокачинни», «Риккота» сияқты жұмсақ ірімшіктерді өндіру технологиясының бірегейлі­гін сақтау мақсатында классикалық нұсқалардан басқа, Қазақстанда танымал болған пиццаға арналған арнайы өнімдерді шы­ға­ра алатын, бүкіл әлем үшін дәстүрлі итальян­дық желі орнатылған. Кәсіпорын «Иртыш» және «Золотой стандарт» брендтерімен сүт шикізатынан өнім шығаруға кірісті. Әйгілі қазақстандық «Иртыш» сары май брендін өндіру үшін жоғары сапалы жаңа кілегей пайдаланылады. Өнімдер қолданыстағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес заманауи жабдықтарда жасалады. Компаниялар алдағы екі жылға санаттарды кеңейтіп, 30-дан астам өнім түрлерін шығаруды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні техникалық жабдықтау деңгейі бойынша Петропавлдағы сүт өнімдерін өндіру зауыты өңірдегі ғана емес, бүкіл Қазақстандағы саланың ең инновациялық кәсіпорындарының бірі болып табылады.

Кәсіпорында 120 жаңа жұмыс орны құрылды, бүгінде штатта 200-ден астам маман бар, команданы одан әрі кеңейту жоспарлануда; бұдан басқа, Eurasian Milk қызметін қамтамасыз ететін сервистік салаларда жаңа жұмыс орындары құрылды. Осылайша, зауыттың қызметі жалпы облыс бойынша жұмыспен қамту деңгейін арттыруға ықпал етеді және өңірді экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

Eurasian Milk директоры Андрей Гриценко бірінші кезектегі міндеттер туралы айта келіп, зауытты қамтамасыз ету үшін шикізат базасының сапалы әрі кешенді дамуын атап өтті. Ірімшік жасау саласындағы сүттің сапасы ерекше маңызды болғандықтан, бұл бағытта зауыт іс жүзінде алғашқы ізашар болып табылады. Шетелдік ірімшік және сүт өнімдерін өндірушілермен табысты бәсекелесу үшін бүгінгі жеткізушілер қамтамасыз ете алатын көлемнен едәуір көп жоғары сапалы шикізат қажет. Өз кезегінде, сапалы заманауи қайта өңдеудің болуы фермерлік шаруашылықтардың белсенді дамуын ынталандырады. Шикізат базасын дамыту үшін Eurasian Milk компаниясы бәсекеге қабілетті сапалы және бәсекелестік бағамен жеткілікті мөлшерде өнім өндіруді қамтамасыз ету үшін жеткізуші-фермерлермен бірге жұмыс істеуге ниетті.

Eurasian Foods Corporation – Қазақстан мен Орталық Азия елдері­нің тамақ өнеркәсібіндегі жетекші кәсіп­орындарының бірі және май өнімдерін өндірушілер арасында республика­ға танымал көшбасшысы. Холдинг елдегі тамақ өнер­кә­сібінің ірі кәсіпорындары­нан тұрады. Бүгінгі таңда Eurasian Foods Corporation холдингі 3 550-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуде.

Компанияның қоржынында «3 желания», «Шедевр», «Золотой стандарт», «Златые горы», «Иртыш» бренд­терімен шығарылатын 250-ден астам сапалы өнімдер бар, оның ішінде  майонез, кетчуп, тұздықтар, дәмдеуіштер, сарымай және өсімдік майлары, маргариндер мен маринадтар бар. 2021 жылы холдинг өнімдерінің ассор­тименті сүт өнімдерінің желісі­мен толықтырылды.

НҰРЛАН ҚҰМАР

694 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы