• Цифрлы Қазақстан
  • 23 Маусым, 2022

Электронды қолжетімділік арта түсті

Бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша қызметтердің бірі –  шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған. Ол үшін  электронды үкімет веб-порталында электрондық хабарлама толтырып жіберудің өзі жеткілікті. 

«ЖШС ашу үшін жаңа іс бастаған кәсіпкерге жарғы қажет емес, тіркеу жарнасын төлеудің немесе салық органына бару­дың қажеті жоқ. Тек компьютер мен элек­трондық цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. egov.kz сайтында ЖШС тіркеу нұсқауларын орындасаңыз, жарты сағатқа жетпей нәтижесі шығады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемле­кеттік корпорациясы Алматы қа­ласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Шағын кәсіпкерлік субъек­тісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу­ші органға құрылтайшы (құрыл­тайшылар) ҚР ӘМ белгіле­ген нысан бойынша кәсіпкер­лік қызметті жүзеге асыру­дың бас­талғаны туралы хабарлама береді. Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олар­дың филиалдары мен өкіл­діктерінің жарғылары (ере­же­ле­рі) мемлекеттік тіркеу про­цесінде ұсынылмайды.

Тиісті өрістерді толтырған­нан кейін жүйе барлық дерек­тер­дің дұрыстығын тексеруді сұрай­ды. Филиал директоры Абдурасул Мақсұдұлының айтуынша, егер бәрі дұрыс болса, жүйе ақпаратты өңдеп, ЖШС-нің тіркелгендігі жайлы анық­таманы 30 минутта (максимум) береді. Егер портал жақсы жұмыс істесе, анықтама 10 минутта дайын болады.

НҰРЛАН ҚҰМАР

17198 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы