• Цифрлы Қазақстан
  • 23 Маусым, 2022

Ғарыш аппараттары қалай құрастырылып сыналады?

Таяуда Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов бастаған бір топ делегация 2010 жылы құрылған «GHALAM» ЖШС – Қазақстан ғарыш сапары ұлттық компаниясы мен Airbus Defence & Space бірлескен кәсіпорнына болып, онда салмағы 6 тоннаға дейін әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын сынау мүмкіндігі бар құрастыру-сынау кешеніндегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Кәсіпорын мамандары, бір уақытта 2 үлкен спутникті (6т) немесе 3 орташа спутникті (3т) құрастыруды жүзеге асыруға бағытталған құрастыру және функционалдық сынақтар залында, термовакуумдық сынақтар (TVAC2, TVAC1), ашық кеңістік жағдайын имитациялайтын электромагниттік үйлесімділікке арналған сынақ учаскесінің жұмыстарымен,сонымен қатар спутниктің компоненттерін электромагниттік үйлесімділік­ке тексеру жүргізеті 20 В/м кер­неуліктегі электромагниттік өрісті генерациялау есебінен өтетін сынақтармен, зымыран тасығышты ұшыру кезінде пайда болатын акустикалық жүктемелер сыналатын және имитацияланатын акустикалық сынақтар учаскесімен (RAC), дірілді сынау учаскесімен (VIB), кездейсоқ, қысқа мерзімді және басқа да тербелісті жүк­темелердің әртүрлі имитациялау жүргізілетін, инерциялық-массалық сипаттамаларын өлшеу, спутник массасының орталығын өлшеу бойынша механикалық сынақтар жүргізілетін және радиожиілікті сынау учаскелерін (CATR), сондай-ақ ээхсіз камераның көмегімен спутниктің антеналарын әртүрлі диапазонда баптау бойынша функционалдық сынақтарды келушілерді таныс­тырды. «Ghalam» ЖШС-ы ұша­тын кабель өнімдерін, экран­дық-вакуумдық термоизоляцияны өндіріп қана қоймай, электроника өнімдерін жобалайды әрі дайындайды.

Ғарыш өнеркәсібінің өндіре­тін заттарының материалдарын бағалау үшін ең жаңа жабдықтар пайдаланылады. Оларға 25 тонна күші бар жарылғыш машина, қатты өлшеуіш, спектрометр кіреді. Шығарылатын өнімнің геометриялық өлшемдерін өлшеу үшін координаталық өлшеу машинасы қолданылады.

Сонымен қатар титан, болат немесе алюминиден күрделі геометриясы бар түрлі бұйымдар­ды жасауға арналған 3D басып шығару бөлімі бар.

«Ghalam» ЖШС-ы «Травматология және ортопедия», «Нейрохирургия» ғылыми зерттеу институттарымен өзара ын­тымақтастық байланыс орнатып келеді. Қажетті титан, алюминий, кө­міртекті және тот баспайтын болат ұнтақтарынан жасалған метал өнімдерін 3D басып шығаруды (күрделі геометрия­сы бар және ойнату дәлдігінің көрсеткіштерінде жоғары сапалы металдан жасал­ған түрлі бөлшектерді дайын­дауға арналған) жүргізеді. Бүгінгі таңда 4 адам 3D басып шығару арқылы жасалған импланттарды қолданып отыр. Барлық көрсетілген өн­дірістік учаскелер жаңа жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

Әріптестік кездесу соңы «Ghalam» ЖШС-ы жабдықтар мен мүм­кіндіктер жөнінде ақпаратпен қамтасыз етуге уағдаласып, Тех­никалық реттеу және метрология комитетінің тарапынан нарық қажеттіліктері үшін зертханаларды тарту мәселелері төңірегінде талқыланатынын атады.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

17281 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы