• Руханият
  • 23 Маусым, 2022

Аңызға айналған мұнайлы Маңғыстау

Өткен жұма күні  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мәжіліс залында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Ұйқыдағы арудың оянуы» кітабының желісі бойынша түсірілген арнайы қойылымдағы толықметражды тарихи деректі фильмі көрсетілді.

Аталған шараны Ұлттық кітап­хана директоры Бақытжамал Оспанова ашып, аталмыш фильм­нің продюссері Оралбек Сары­басов деректі фильммен қысқаша таныстырып өтті. Кітап авторы киелі Маңғыстау жерінің тарихын зерттеп, нақты де­рек­терге сүйене отырып, аса мол қазба байлығы мен география­лық орнының маңыз­дылығын, аңыздар мен оқи­ғаларды арқау еткен. «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы аясында түсірілген осы толықметражды деректі фильм жастардың бо­лашаққа деген қызығу­шылығын оятары хақ. Ә.Кекілбайұлы бұл кітапты жазып, жарыққа шығару үшін 37 жыл зерт­теген екен. Деректі фильмде Маң­ғыстау өлкесінің табиғаты, тарихи ес­керткіштері, сауда жолдары, 60 шақты нысанның бар­лығы RAW форматында түсіріліп, мұрағат де­ректері, академиктер мен архео­логтардың, тарихшылардың және саяхатшылардың зерттеулері ар­қылы жасалынған.

Өткен жылы Үндістан мемле­кетінде өткен IX халықаралық кино­фестивальде аталған деректі фильм 40-тан аса мемлекет ара­сында сынға түсіп, үздік деп танылды. Продюссер Оралбек Сарыбасов, қоюшы-режис­сер Ақбөбек Тулжан және үздік қоюшы-оператор Айдос Тұртаев әр саланың номинациясы бой­ынша жеңімпаз атанды.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

685 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы