• Бизнес & Қоғам
  • 23 Маусым, 2022

Интернет құны арзандай түсуде

Қазақстанда Түркия, Сингапур, Италия,Бельгия және басқа да елдерге қарағанда мобильді интернет-трафигін пайдалану әлдеқайда жоғары. Бұл ретте интернеттің құны да қазақстандықтар үшін одан әрі арзандай түсуде, деп жазады Ranking.kz сайты.

Жаппай интернеттендіру біздің өмірімізге барған сайын тереңдеп еніп, белсендірік өзгертуде, сонымен бірге бұл тұлғааралық қарым-қатынасқа, сауда тізбектері мен логистикалық лекке, ақпараттық алмасуларға, жалпы алғанда, тыныс-тіршілігіміздің барлық салаларын кеңінен қамтыды. Әлемдік деңгейдегі ғаламтордың жеке тұтынушыларға да, сонымен бірге ірі экономикаларға да әсері күн санап, байқала түсуде және жаппай қанатын жайды да. 2022 жылдың басында бүкіл әлемде интернет қолданушылар саны 4,9 миллиард адамды құраған, ал бұл –Жерді мекендеушілердің бүкіл әлемдік торға үштен екіге жуығы қосылғанының айғағы. Тек кейінгі 10 жылда ғана интернет пайдаланушылар саны 2,2 есе артқан.

Интернет қолданушыларының саны артқан сайын пайдалану трафигі де ұлғая түседі. Бір қолданушыға интернет-трафикті пайдалану да ұлғаюда: мәселен, 2022 жылдың бірін­ші тоқсанында көрсеткіш 11,781 Гб (гигабайт) құраған, бұл ретте 2021 жыл­ғы төртінші тоқсанда ол 9,885 Гб қана құрапты.

Мобильді интернет-трафикті пайдалану Қазақстанда да тіптен шарықтап кеткен.Мәселен, Beeline Қазақстан жүйесінде бір пайдаланушыға трафик көлемі 2021 жылы үштен бірге өскен. Нақты айтқанда, 2021 жылдың төртінші тоқсанында,оператордың мәліметтері бойынша,бір тұтынушыға пайдаланар трафигі 14,1 Гб-қа жеткен, ал бұл бұдан бір жыл бұрынғыдан – 28,2%-ға артық. Өз кезегінде, Kcell-де өсім, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 2021 жылы 18,3% құрап, бір қолданушыға 11,6 Гб-қа дейін жеткен.

Атап өту керек, Қазақстан Рес­публикасының көрсеткіштері, әлемдегі орташа деңгеймен салыс­тырғанда, әжептәуір жоғары. Елдерге бөлгенде Қазақстан мобильді интернет-трафикті неғұрлым көбірек көлемде пайдалану бойынша әлемде ТОП-15 үздіктер қатарына кіреді. Соның айғағындай, 2021 жылғы төртінші тоқсанның қорытындылары бойынша бір адамға мобильді интернет-трафиктіпайдалану 14,4Гб құраған, орташа мәннен 46%-ға артық. Басқаша айтқанда, мәселенки, бұл Түркиядан (13,6 Гб), Сингапурдан (13 Гб), Италиядан (12 Гб), Грекиядан (6,2 Гб), Бельгиядан (5,4 Гб) және де басқа көптеген елдерден артығырақ  (1-инфографика).

Қазақстанда интернет-трафик­ті пайдалану көлемінің деңгейі жоға­рылығы азаматтар үшін ғалам­тордың қолжетімді екенін аңғартады, бұл еліміз экономикасын табысты цифрландырудың түйінді фактор­ларының бірі де болып табылады.Мобильді интернет тарифтерінің демо­кратиялылығы қазақстандық­тарға жұмыс істеуге, оқуға немесе қалаған жерде ойын-сауық контентті пайдалануға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар трафикті пайдаланудың өсуі аясында, Қазақстан Республикасында –онсызда мобильді интернет-қосылулардың қызметі арзандығына қарамастан – бұл одан әрі арзандай түсуде, дегенмен,халықаралық тәжірибеге сәйкес, олардың құны артуға тиіс болатын. Мәселен, 2021 жылдың қорытындылары бойынша 1 Гб интернет-трафиктің орташа бағасы 110,5 теңгені құраған, бұл соның алдындағы жылға қарағанда – 9,7%-ға төмен. Бір минутының құны да төмендеуде: мысалы, 2021 жылы көрсеткіш орта есеппен 1,19 теңге құраса, 2020 жылы – 1,2 теңге, 2019 жылы – 1,34 теңге, 2018 жылы – 1,41 теңге құрапты.

Айта кету керек, бүкіл әлем бойынша интернетке қолжемді болуы,әдетте, елдің ауқымына (көле­міне) тікелей байланысты болуы заңды, яғни жағрапиялық ауқым­дылық молырақ болса, барлық аймақты қамтамасыз ету де қымбат­қа түседі, тиісінше, пайдаланушылар үшін тарифтер де соғұрлым жоғары болуы тиіс. Біздің еліміз көлеміауқымдылығына қарамастан, телекоммуникация секторы дамуына инвестициялар күтілгендей көлемді де, алайда, абоненттер үшін түпкі баға – төмен. Мұндай серпін Қазақстанның цифрландыру саласын дамытуда тұрғысынан алғанда – құптарлық және жағымды құбылыс (2-инфографика).

ИСА ҚАМБАР

2901 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы