• Қаржы
  • 23 Маусым, 2022

Инфляцияны тізгіндеу күрделене түсті

Өткен, 2021 жылдың көңіл көншітпейтіндей қорытындыларына жауап ретінде үкіметіміз Ұлттық банкпен бірлесіп, 2022 жылдың қаңтарында инфляцияға байыпты бақылау жасау мақсатында екі – оперативтік және орта мерзімді кезеңге арналған кешенді бағдарлама белгіледі. Шенеуніктер тарапынан мұнай өнімдері мен азық-түлікке бағалардың өсуін тежеу басты міндеттер деп саналды.

Ал, бұл міндеттерді жүзеге асырудағы құралдар қатарында: бірқатар азық-түлік тауарларына экспорттық шектеулер; ЖЖМ-ға (жанар-жағар май) шекті бағалар; әлеуметтік маңызы бар тағам өнімдерінің сауда объектілерінде шекті сауда үстемелерін орнату болып табылды.

Сол кезде қаржы секторы ше­неуніктерінің оптимистік болжамдарына сәйкес, инфляция дең­гейін 2022 жылдың соңына 6–6,5% дәлі­зінде тұрақтандыруға болады деп болжанған. Бірақ, тіпті наурызда-ақ Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов геосаяси жағдайдың ушы­ғуына және сыртқы тәуекелдердің өз­геруіне қарай, инфляция бойынша болжам арту бағытында, қайта қара­латынын хабарлады.

Маусым айының басында монетарлық билік, инфляция бойынша болжамдарын екі санды цифрға қарай ойыстырып, 2022 жылдың аяғына өсу деңгейі 13–15% дәлізде болатынын астарлап жеткізген еді. Алдымызда жылдың аяғын әлі алты ай ажыратып тұрса да, азық-түлікке қолжетімді баға жағдайы нашарлай түсуде. Сондықтан да жыл басында қабылданған шаралар оңды нәтижесін бере қоюы екіталай. Түптеп келгенде, инфляциямен күрес бізде бірінші жыл жүргізіліп келе жатқан жоқ, соның өзінде жыл сайын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қабылданған шаралар тиім­сіздігін өз есептемелерінде атап көрсетуден шаршамайды.

Өзінің таяудағы үкіметтің 2021 жылғы есептемесіне тұжырымында Есеп комитеті, 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы тұтыну индексі 108%-ды құрағанын атап көрсетті.

Соның ішінде:

– азық-түлік 10,8% қымбаттаған;

– азық-түліктік емес тауарлар – 6,9%-ға;

– тұрғындарға ақылы қызмет көрсету – 5,5%-ға қымбаттап кеткен.

Сондай-ақ жылдық инфляция­ның, 4–6% деп белгіленген мақсатты дәлізінің деңгейі де көтеріліп, 8,4%-ды құраған (1-инфографика. Бұл – 2019-2021 жылдардағы жылдық инфляция өзгерісі. Ақпарат көзі: ҚР Ұлттық статистика бюросы).

Ең қызықты жайт, бағалардың мейлінше жоғары өсімі ауыл шар­уашылығына ауыр тигені, біздің еліміз, әдетте, өз қажеттіліктерін нақ осы салада толықтыратын да, артылғанын экспортқа шығарушы еді. Енді ненің, қаншалықты бағасы артқанына тоқталсақ:

• қызылша – 73%-ға;

• қырыққабат – 37,5%-ға;

• күнбағыс майы – 30,1%-ға;

• сәбіз – 29,5%-ға;

• картоп – 20,2%-ға;

• құмшекер – 15,3%-ға қымбат­таған.

Бұл ретте есептемеде инфляция алдындағы ішкі баға белгілеуге қысымның 2021 жылы әлемдік азық-түліктік бағалардың өсуі әсер еткені де атап көрсетілген.

Мәселен, күнбағыс майы мен оны өндіруге пайдаланылатын шикізат бүкіл әлемде түсімнің нашарлығынан қымбаттап кеткен.

Азық-түліктік емес тауарлар қор­­жынында 2021 жылы бағалары бәрі­­нен де салмақтырақ мыналар:

• дизель отыны – 46,5%-ға;

• сұйытылған газ (баллондағы) – 36,8%-ға;

• бензин – 19,6%-ға;

• қатты отын – 8,7%-ға өскен.

Ұлттық банк мұндай үрдісті ка­рантиндік шектеу шаралары әсе­рінен экономикалық белсенділік­тің қалпына келуімен, ЖЖМ-дың (жанар-жағар майлар) жекелеген түрлері өзіндік құнының өсуімен және экспорттаудың мүмкіндіктері жоғары болуы салдарынан ішкі нарықта­ғы дизельді отынға тапшылықтан орын алды деп түсіндіреді. Көмірге қатысты айтар болсақ, ол электр энергиясына, ЖЖМ-ға бағалардың артуы, еңбекақылардың өсуі және негізгі құрал-жабдықтарға қызмет көрсетудің құны жоғарылай түсуінен қымбаттаған.

Ақылы қызметтер қатарында жалдамалы тұрғын үйлер нарығы мен электр энергиясын жеткізу инфляцияға мейлінше сезімтал деп саналды. Мұндағы бағалар өсімі, тиісінше, 19,8%-ды және 9,3%-ды құраған. Бұларға да түсініктеме – жоғарыда айтылғандай – пандемиядан кейінгі экономикалық белсенділіктің қайта қалпына келуі.

Ал, студенттердің күндізгі оқу нысанына қайта оралуы, карантиндік шараларды босаңсытудан кейін, тек тұрғын үй-жайларды жалға беру бағаларын өсіріп қана қойған жоқ, тіпті жоғары білім берудің өзіне құнын 12,9%-ға арттырған.

Есеп комитеті 2021 жылғы баға­лар өсуі факторларының бірі теңге бағамының тұрақты болмауынан деп атап көрсетті. Ішкі бағаларға қосымша жалпы инфляциялық қысымдардан басқа, тіпті өзге елдердегі – Қазақстанның негізгі серіктестеріндегі инфляция­лық үдерістердің жеделдеуі де – әсерін тигізген. Мысалы, Қырғызстанда ин­фляция 11,2% құраса, Беларусьте – 10%, Арменияда – 7,7% құраған.

Сондықтан да инфляцияның ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импортталуы – дәлелденген факт.

Есеп комитетінің мәліметтері бойынша, импорттық түсімдердің баға­лары жалпы алғандағы жылдық мәнінде 13,5-ға өссе, ЕАЭО елдерінен түсімдердің құны 24,9%-ға артқан (2-инфографика. ЕАЭО-ғы тұтыну бағаларының индексі).

2022 жылдың сәуірінде вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстан 2025 жылға дейін импортты алмастыру мақсатында 900 инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті деп мәлімдеген болатын. Соның ішінде азық-түлік бойынша 100%-ға жуық им­портқа тәуелділіктен арылу көздел­ген. Сарапшылардың көпшілігі үкі­меттің мұндай өршіл жоспарларына аса сене де қоймағаны жасырын емес. Олай болатын жөні де бар, өйткені елімізде импортты алмастырумен сонау 1998-1999 жылдардан бері қағаз жүзінде айналысып келеді. Нәтижесі белгілі ғой.

Ал енді мына 2021 жылғы өнер­кәсіптік өндірістегі нақты сандарға зер салып көрсек, бұлар Есеп коми­тетінің үкіметтік есептемеге қорытын­ды­ларынан алынып отыр.

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 37 триллион 46 миллиард теңгені құраған және алдыңғы, 2020 жылмен  салыстырғанда 3,8%-ға өскен. Нақты қай салаларда өскен екен? Олар мыналар:

• карьерлерде өндіру және игеру – 1,7%-ға;

• өңдеуші өнеркәсіп;

• электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және қалыпқа кел­тірілген ауамен қамтамасыз ету – 4,8%-ға.

Ауыл, орман және балық шаруа­шылығында өнімдерді жалпы шығару және қызмет көрсету көлемі 7 триллион 376 миллиард теңгені құраған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,5% төмен көрсеткіш, сондай-ақ мұның бәрі өсімдік шаруашылығындағы өндірістің 6,7%-ға азаюы аясында орын алған. Құрылыс жұмыстары мен қызмет көрсету көлемі 5 триллион 495 миллиард теңгені құрап, 7,6%-ға өскен. Бөлшек және көтерме сауда көлемдері де, тиісінше, 6,5%-ға және 10,5%-ға өсіпті. Көрсеткіштер бөлшек саудада 13 триллион 363 миллиард  теңгені құраса, көтерме саудада – 28 триллион 835 миллиард теңге құрапты. Жекелеген карантиндік шара­лардың сақталуы есебінен байланыс қызметі 12,9%-ға – 1 триллион теңгеге дейін – өскен. Көлікпен тасымалдау да – жүк айналымы есебінен 597 милливрд теңге көлемінде және жолаушылар айналымы есебінен 106,8 миллиард теңге көлемінде – 3,6%-ға өскен. Нақты түрде өндірілген ІЖӨ көлемі 2021 жылы 81 триллион 269 миллиард теңге құрап, 4%-ға өскен.

Шын мәнінде, үкіметте болжан­ғандай, бұл пандемияға дейінгі мәнге теңдесуге жақын көрсеткіш. Демек, үкіметті тек осы үшін ғана мақтаса да артық болмас еді.

ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ

1907 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Deeynptet

15 Қыркүйек, 2022

free asain gay chat lines gay chat colombia <a href="https://free-gay-sex-chat.com/">gay chat boys </a>

Gennieptet

16 Қыркүйек, 2022

free chat lines bie and gay <a href=https://chatcongays.com>free gay chat lines in fitchburg,ma</a> gay chat rooms columbia sc

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы