• Бизнес & Қоғам
  • 30 Қараша, 2012

Суармалы ауданының гидрогеологиялық жағдайлары

Аудан өзінің гидрогеологиялық жағдайларына байланысты әртүрлілігімен және күрделілігімен сипатталады. Олар бірдей құрылымдардың шарттарымен емес, жерасты және грунтты сулардың орнымен және қозғалысымен анықталады. Ауданның әртүрлі геоқұрылымды және физико-географиялық жағдайлары ауданның жеке гидрогеологиялық міндетті бөлінуін көрсетеді. Олар тоғыз ауданға бөлінген: 1) Іле Алатау және Күнгей Алатау ауданы; 2) Қопа Іле артезиан бассейні ауданы; 3) Қарой үстірті ауданы; 4) Кеген Қарқара артезиан бассейні ауданы; 5) Текес артезиан бассейні ауданы; 6) Жалаңаш артезиан бассейні ауданы; 7) Кетпен таулы-қыраты сілем ауданы; 8) Шолақ таулы ауданы; 9) Шу-Іле таулы ауданы; 10) Сөгеті артезиан бассейні ауданы.

Суармалы жерлердің басым бөлігі келесі аудандарда орналасқан: барлық зерттеліп отырған аудандардың 1 – 3,7%; 2 – 73,1% ; 5 – 13,0% ; 7 – 10,2%.

            Бөлінген гидрогеологиялық аудандар әртүрлі аумақтарда жерасты сулары туралы түсінік береді, олардың мүмкіншілігі мен дебиті халық шаруашылығында қолданылады. Бірақ бұл жерде бізді негізінен 3,0 – 4,0 метр тереңдікте орналасқан грунтты сулар қызықтырады. Осындай тереңдікте орналасқан грунтты сулар топырақтың мелиоративті құрамына  сонымен қатар, суармалы ауыл шаруашылығының режиміне едәуір әсер етеді. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз осындай жерлердің аудандарын кеңейтуді айқындайды және олардың гидромодульдік аудандастыруын есепке алу болып табылады.    

            Осы мақсатпен біз гидрогеология туралы әртүрлі мәліметтерге, жерлердің мелиоративті жағдайына және облыстың топырақ шарттарына талдау жүргіземіз. Осы талдау қорытындысына сүйене отырып, берілген аудандардағы жерлер сазды-шабындықты, шабындықты және балшықты-шабындықты топырақ болып анықталды. Бұл жерлер грунтты сулардың облысы болып табылады. Осындай жерлер Іле өзені арнасын жағалай облыстың солтүстік шекарасындағы жолақтарда орналасқан. Бұған қоса, 0,5 – 2,5 м тереңдіктегі грунтты сулардың негізгі жолағын конусты шығару шекарасындағы Іле Алатау таулы жазықтығының солтүстік бөлігі анықтайды. Солтүстік шеттегі сазды жолағының бөлігінде грунтты сулардың 4,0 – 7,0 м тереңдікке дейінгі елеулі батуы байқалады.

            Сонымен қатар, грунтты сулардың деңгейіндегі айырмашылық геоморфологиялық шарттармен және жиектің сүзгілік құрылысымен ескеріледі. Сазды алқаптың жоғарғы бөлігі суды әлсіз ұстап қалу қабілетіне ие болатын қойтасты таужыныстарынан құрылған, нәтижесінде грунтты су 2 м тереңдікке түседі.  Ауыр топырақ қалыптастырушы алқаптарда грунтты сулар (0,5 – 0,7 м) жер бетіне өте жақын орналасқан.

            Сонымен қатар, геоморфологиялық шарттар да үлкен мағынаға ие. Таулы жазықтықтағы әлсіз дренаждалған сазды жерлерде грунтты судың деңгейі 0,5 – 2,5 м тереңдіктен табылады. Жазық жерлердегі суайырықты грунтты сулардың деңгейі 3,0 – 5,0 м тереңдікте орналасқан. Ал грунтты сулар аңғар мен суайырықтың арасында анағұрлым жоғары (1,5 – 2,0 м) орналасқан.

            Облыс аймағындағы грунтты сулардың ұқсас деңгейі (0,5 – 1,0 және 2,0 метр) Шарын, Шелек, Талғар, Іле және т.б. өзендерінің төменгі бөлігінде ерекше байқалады. Бұл жер әртүрлі деңгейдегі сортаңдалу кешенді топырақпен сипатталады.

Бұл жер климаттық деңгейі бойынша негізінен  жартылай шөлді және шөлді аймаққа жатқызылады.

Бұдан басқа, облыс аумағындағы барлық климаттық аумақтарда негізгі мақсатпен орналасқан өзеннің сағасында және суару жүйесінің төменгі бөлігінде жерлер бар, онда грунтты сулар күндізгі жер бетінен      (0 -2,0 м) өте жақын орналасқан. Мұндай жерлер келесі топырақтың әртүрлігімен сипатталады: шабындықты-батпақты топырақ, батпақты шөгінді-шабындықты т.б. болып табылады.

Олар механикалық құрамына қарай көбінесе ауыр болып келеді (ауыр балшықты топырақ). Шөгінді-шабындықты топырақ ерекшеліктен құралады, олар механикалық құрамы бойынша орташа және кейде жеңілге жатқызылады.   

Сулы деңгейжиектің орнының тереңдігі көбінесе 5,0-ден 10,0 метрге дейін және тек жеке аймақтарда ғана 10,0 – 15,0 метрге дейін жетеді. Периферивтегі шығару конусы орын тереңдігі 0-ден 5,0 метрге дейінгі аймақтар анықталады.

Грунтты сулардың жоғарғы ширекті бөліну кезінде шөгінді қабаттардың көп бөлігі тұщы, ал құрғақ қалдықтары 0,2-ден 0,5 г/л-ге дейін жетеді.

               Грунтты сулар мен топырақ ылғалдылығы арасында тығыз байланыс орнатылған. Грунтты сулардың тереңдігі топырақ ылғалдылығының  деңгейін  және олардың әртүрлілігін көрсетеді. Грунтты сулардың 0,5 – 1,0 метр деңгейі кезінде шабындықты-балшықты сазды топырақ, грунтты сулардың 1,0 – 3,0 метр деңгейі кезінде шабындықты-сазды топырақ қалыптасады. Шабындықты-шөлді-далалы және шөлдалалы сазды топырақтар (шабындықты-сұр топырақты және шабындықты-қоңыр) 3,0 – 7,0 м деңгей тереңдігінде грунтты сулар қалыптасады.

            Грунтты сулардың мезгілдік динамикасы Іле Алатауы тау жазықтығының сазды жолақтарының климаттық жағдайына байланысты. Жеке алғанда грунтты сулардың деңгейі температуралық факторлардың әсерінен булануға қатысты өзгеріске ұшырағыш болып келеді.

            Грунтты сулардың режімі едәуір мөлшерде вегетациялық кезеңде осы жерлердегі өсімдіктердің өсуіне байланысты, суармалы өсімдіктердің өсу нормасы және жиілігі тамыр қабатындағы ылғалдану кезіндегі жерасты суларының шығыны болып табылады. Суармалы ауданның режімі грунтты сулардың деңгейінің көтерілуіне немесе керісінше деңгейінің төмендеуіне үлкен ықпал етеді.

Көпжасарова Гаухар, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің магистранты.

820 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы