• Өндіріс өрісі
  • 16 Маусым, 2022

Көгілдір отынның жыры қашан аяқталады?

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданына қарасты Карбышев көшесінің тұрғындары былтырғы жылдан бері газ құбырының қауіптілігін айтып дабыл қағып келеді. Ондағы басты себеп, газ құбыры жүргізіліп, оны қосу кезінде қауіпсіздік техникасы дұрыс сақталмай, нәтижесінде іс насырға шауып, халықты үрей билеген. Өздерін оқ-дәрі үстінде отырғандай сезінетін тұрғындардың әр күні қорқынышпен өтуде. Олай деуге де негіз жоқ емес.

Аталған жайтқа байланысты тұрғындар бас қаланың Тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне ұжымдық шағым жазған екен. Сонымен аталған департаменттен Өткен жылдың үшінші ақпаннан бастап қауіп­сіздік техникасының нормалары мен ережелері қалыптан тыс ауытқулықпен жүргізілген газ құбы­рында проблемалар барлығы, дер кезінде қолға алу керектігі атап көрсетілгенмен, тиесілі мекеме жұм­ған аузын ашпапты.

«Бір желіде газ, су және электр кабелі бар. Оқ-дәрі үстінде тұратын сияқтымыз. Егер жарылса ше... Біз жағдайға алаңдаймыз, өйткені біздің өмірімізге ТЖ қаупі төніп тұр», – деп шағымданады қала тұрғындары. Енді қайтсін, біреудін кесірінен біреу жапа шеккелі жатса.

ҚҰРЫЛЫС ІЗІМЕН НЕМЕСЕ ОТ, СУ ЖӘНЕ

ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ

Сонымен аталған департаменттен жедел түрде жауап келіп, бұдан әрі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на осы мәселеге байланысты сұрау хат жолданды. «Астана қаласын 1-ден 9-ға дейінгі құрылыстың 1-кезеңін газдандыру» жұмыс жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың берген оң нәтижесіне сәйкес, газ тарату желілерінің құрылысы жүзеге асырылды деп жауап берді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сұрау хатқа. Бұл ретте газдандыру жобасында негізінен жерасты төсеу жұмысы қарастырылған. Трассаның жекелеген учаскелеріндегі газ құ­бырына тиісінше жерүсті төсемі жүргізілді десе де, түйткүл мәселенің түйіні тарқатылар емес. Онымен қоса хаттың жауабында тек ава­риялық қызметтің қызметкерлер санымен толыққандығы туралы хабарлама келген.

Осыдан кейін тұтынушылар­дың құқығын қорғау департаменті Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені және ком­­муналдық шаруашылық бас­қармасына жүгінген болатын. Екі ведомство өкілдері ауданның аталған мекен-жайына барып, мұндағы тұрғындардың газ берудегі іркілістің себептерін анықтады. Халықтың дабыраға салатындайы-ақ бұл жағымсыз әрекеттерден басқа да электр қуатын беру, сумен жабдықтау және газ желілері бір жүйемен өтіп жатқандығына куә болды.

Бір жылдан бері қала тұр­ғындарының шағымын бір-бірі­не сілтеген мекемелер, соңында жобаның тапсырыс берушісі қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы екендігі анық­талды.

«Газ құбырын траншеяға басқа коммуникациялармен төсеуге қатысты басқармада электр беру желілері жобада жоқ деп түсінік беріп,электрмен жабдықтау желілері заңсыз салынған және сәулет-қала құрылысы кадастрының базасында көрсетілмеген», – делінген ведомство жауабында.

Сондай-ақ бітемелердің пайда болуына қатысты мердігер ұйым шарттық міндеттемелер шеңберінде газ құбырын үрлеп, көшенің басында пневматикалық ысырма орнататыны хабарланды. Табиғи газға қосу бойынша жерден шығу диаметрін ұлғайту жөніндегі жұмыстар қосым­ша жүргізілетін болады.

«Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы барлық қажетті жұ­мыстарды биылғы жылдың 15 маусымына дейін аяқтауды жоспарлап отырғандығын жеткізді», – дейді Техникалық реттеу және меторлогия комитетінің баспасөз қызметі.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

77 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы