• Өндіріс өрісі
  • 16 Маусым, 2022

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өткен жылы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаға 8,29 млрд теңгеден астам инвестиция салып, еңбекті қорғауға бағытталған инвестиция көлемін 10%-ға ұлғайтқан еді.

Бір жыл ішінде осы саладағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оқытуға 2020 жылғы 7,63 млрд. теңгеге қарағанда 8,29 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл қызметкерлердің қауіпсіздік нұқсанын сақтап, жұмыс істеуіне және қажетінше білім алып, аталған дағдыларды меңгеруіне беріліп отырған мүмкіндік.

Осы өндірістік қауіпсіздік жұмысын барынша күшейту аясында «Самұрық-Қазына» АҚ биылғы жылды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялаған болатын. Өз кезегінде аталған компания жол-көлік оқи­ғасы салдарынан орын алатын олқылықтарды ескере отырып, атом холдингінің қызметкерлері үшін «Автокөліктегі қауіпсіздік жылын» жариялады. Денсаулықты сақтау мен жұмыс кезіндегі төтен­ше жағдайды өз уақы­тында қолға алып шешуді, қыз­меткерлердің әл-ауқаты мен қауіп­сіздік деңгейін арттырудағы жүйелі жұмыстарды іске асырып келеді.

«Қызметкерлеріміздің денсау­лығы мен қауіпсіздігі компания үшін басты басымдыққа ие. Ұжым қызметкерлеріне қолайлы орта құруға, оқу бағдарламасына сәйкес, біліктілік санатын арттырып одан әрі жетілдіруге белсенді түрде ынталандырамыз », – дейді басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов.

Компаниядағы құндылық­тар­дың бірі жауапкершілік болса, басшылық тарапынан әрбір қызметкердің қауіпсіздігіне қа­тысты өз алаң­даушылығын ашық білдіруге және қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін нақты іс-әрекеттер мен жазатайым оқиғалар туралы хабарлауға мүмкіндік берілген.Vision Zero халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының өндірістегі жарақаттануды төмен­детуге және еңбектің қолайлы әрі қауіпсіз жағдайларын жасауға бағыт­талған бастамасына қатысады. Бүгінгі күні өндірістік нысандар­дың басшылығы мен инженер-техни­калық қызметкерлеріне арналған «Кеніш директорларының мектебі» бағдарламасы жұмыс істеп, Қазақ­станның ядролық универси­тетімен бірлескен «Еңбекті қорғау және өнеркәсіп­тік қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық» бағдар­­ламасы әзірленуде. Компа­нияға тиесілі барлық өндірістік нысандарда ISO 45001-халықаралық стандартқа сай еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының менеджмент жүйесі енгізілген. Соны­мен қатар компания тұрақты экономикалық өсуді, толық және нәтижелі жұмыспен қамтуды, әрбір адам үшін лайықты жұмысты көздейтін Бірікен ұлттар ұйымының қабылдаған 8 тұрақты даму мақсатын қолдайды. Таяуда Нұр-Сұлтан қа­ласында өткен халықаралық көр­ме орталығында «KIOSH – 2022 ең­бекті қорғау және өнеркәсіп­тік қауіпсіздік» тақырыбындағы халықаралық кон­ференцияға «Қазатом­өнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкіл­дері қатысқан болатын. Аталған компа­ния­ның өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директо­ры Манас Ысқақов сессияда сөз алып, кәсіп­орындардың тұрақты дамуы өндіріс көшбасшылары­ның үздіксіз тәжірибесі мен ком­панияның өндірістік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету жүйе­сі туралы әңгімеледі. Өткізіліп отыр­ған көрме аясында «Сенім-2022» респуб­ликалық байқаудың қоры­­­­­тын­дысы шығарылып, онда «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі» номинациясы бойын­ша Қазатомөнеркәсіптің кәсіп­орындары арасында «Үлбі метал­лургия зауыты» АҚ 1-орынды және «Семізбай-U» ЖШС 3-орын­ды иеленді.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

89 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы