• Қаржы
  • 16 Маусым, 2022

Төл теңгемізге қаншалық сенім арта аламыз?

Бірінші рет бір рубльге – 6,66 теңгеден. Өткен жылдың күзінен бері бірінші рет бір долларға – 430 теңге. 2020 жылдың ақпанынан бері бірінші рет бір долларға – 62 ресейлік рубльден. Теңгеміз қашанға дейін осынша теңселе бермек? Жалпы алғанда, біздің валютамыз неге тәуелді, оған қаншалықты сенім арта аламыз? Валюталардың соңғы аптадағы күйіне зер салсақ, шолуымыз осы сауалдар төңірегінде өрбімек.

Теңге рубльге байлаулы ма? Иә, бірақ жұрттың бәрі ойлағандай да емес, деп ой түйеді танымал талдаушы Андрей Чеботарев. Біз импорттың жартысын Ресейден жеткізіп отырмыз. Сол тауарлардың басым көпшілігі үшін рубльмен есептесеміз, өйткені бірегей экономикалық одақ құрамындамыз. Сондықтан да біз, мысалы, юаньге байлаулы емеспіз, өйткені Қытаймен сауда доллармен жүргізіледі.

Рубль – Қазақстандағы ең еркін валюталардың бірі, Ұлттық банктің ресейлік рубльде резервтері жоқ, сосын да біз саудалауға қатыса алмай, рубльдің бағамына да әсер ете алмаймыз. Осылайша, теңге шын мәнінде ресейлік рубьге тығыз байлаулы, бірақ бұл байланыс реттеуші деңгейінде емес, экономикаларымыз деңгейінде.

Теңгені рубльден алшақтата аламыз ба? Иә, болады және бұл үрдіс дәл қазір жүріп те жатыр. Валюталарды бір-бірінен айырып тастау үшін импорт теңгерімін өзгерту қажет. Қазіргі күні Ресейден экспорттау өте көптеген жайғасымдар бойынша тиімсіз және мүмкін емес жағдайда болып отыр. Машиналарды Ресей қазір экспорттай алмайды. Қант пен ұнды экспортқа шығаруды өздері қаламай отыр. Санкция қанатын жайған әр күн сайын Ресейден тауар мейлінше азырақ экспортталмақ, өйткені олардың біршамасы ол елде тапшылыққа айналса, енді бірқатарын экспорттау санкциялар салдарынан мүлде мүмкін болмайды. Біз қазірдің өзінде автокөлік экспорты бағытын өзгерттік және тағы басқа тауарлар бойынша нақ осылай істей аламыз. Біз үшін бұл – теңгенің рубльге мейлінше тәуелсіз болуына қол жеткізудегі таптырмас тәуекел.

Бәріміз де девальвацияны күтудеміз, ол бола ма? Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда, адамдардың санасын қолда ұстап қала алмаған пайда синдромы билейді. Өкінішке қарай, наурызда көпшілігі долларды 520-ден, тіпті 550 теңгеден де сатып алған болатын. Қазір сол адамдар қолдарындағы валютасын ұтымды сату үшін теңгенің қайтадан құнсыздануын күтуде. Төл валютамызға осындай сенімсіздік оның нығаюына кедергі болуда.

Рубль шындығында жасанды күйде ме? Иә, рубльдің биржадағы жағдайы шын мәнінде жасанды болып көрінеді. Өйткені энергия тасымалдаушы­ларға аса жоғары бағалар туындауы, оған қоса импорттаудың басым бөлігі тоқтап қалуы мен валютаға шектеулерді есептегенде, валюталық түсімдердің барлығына жуығын конверсиялау теңдессіз жағдай туғызып отыр. Ресейде доллар өте көп (қолма-қол күйінде емес), бірақ жұмсай алмайсыз, себебі импорт қатты қысқарған. Нәтижесінде сұраныс ұсынысқа қарағанда көп мәрте төмен деңгейде. Жағдай – жасанды, бірақ бұл ұзақ уақыт жалғасуы мүмкін. Осы ретте Қазақстан да дәл осылай жасай алады, сөйтіп теңгені айтарлықтай нығайту мүмкін болмақ. Біздегі міндетті конверсиялау талабы тек квазимемлекеттік кәсіпорын-экспорттаушыларға ғана тарайды және валюталық түсімнің 50%-ын ғана айырбастауға рұқсат етілген.

Рубль қашан құлдырай бастайды? Қазақстанда да, Ресейде де валюта бағамы экономикамен парапар екені ешкім үшін де құпия емес. Көпшілігіміз өзіміз үшін экономикалық әл-ауқатымызды валюта бағамы жазылған нақ сол кестемен бағалаймыз. Рубльдің осындай жай-күйдегі нығаюы ағымдағы Ресей жағдайында саяси тұрғыдан маңызды, Қаржы министрлігі экономиканың 12 пайыз төмендеуін болжайды (ресейлік нақты өмірде бұл апаттық деңгейдегі құлдырау). Соның айғағындай, шын мәнінде күшті рубль жағдайында Ресей өз бюджетінің тапшылығын қаржыландыруға көбірек ақша жұмсауға мәжбүр және пандемия кезінде қолданғандай, әлсіз рубль саясаты әлдеқайда артықшылыққа ие болар еді қазір, дейді мамандар.

Шындығын айтқанда, күшті рубль саясаты тез-ақ аяқталуы мүмкін, бірақ Ресейдің оны әлі де, жоқ дегенде бірнеше ай, бәлкім жылдың аяғына дейін соза түсер резервтері мен қорлары бар. Бірақ экспорт көлемін төмендету ерте ме, кеш пе, түбі ондай саясатты қайта қарастыруға әкеп ұрындырады. Оның үстіне Ресейдің өзінде, кезінде КСРО және басқа да елдерде жасанды валюта бағамы душар болғандай, «қара нарық» жұмыс істеп жатыр. Мәскеуде қолма-қол доллар сан алуан мәліметтер нәтижесіне қарағанда, бір рубль үшін 95-100 доллардан сатылуда, яғни іс жүзінде ресми бағамнан 30 пайызға жоғары саудалануда.

Ал долларға біз мүлде тәуелді емеспіз бе? Тәуелді болғанда қандай және доллардың бағасы өсе түсуде, мөлшерлеменің көтерілуінен кейін доллар индексі, яғни оның валюталар қоржынына қатысты құны қымбаттауынан ол жиырма жылдық деңгейіне дейін өсті. Бұл қалыпты жағдай, нарық құлдыраған кезде доллардың бағасы артады. Әзірге бұл фактор теңгенің әлсіреуіне әсерін тигізуде, бәлкім, соның салдарынан да ресейдің рублі сияқты нығая алмай тұрған шығар.

ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ

1753 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы