• Өндіріс өрісі
  • 07 Шілде, 2022

«Шеврон» компаниясы инвестициялар қорын таныстырды

Нұр-Сұлтанда Astana Finance Days 2022 қаржылық конференциясы өтті. Аталған іс-шарада  Қазақстандағы «Шеврон Мұнайгаз Инк» тікелей портфельдік инвестицияларды іске асыру мақсатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) құрылған Chevron Direct Investment Fund жеке компаниясы таныстырылды.

Chevron Direct Investment Fund жеке компаниясы өз қызметін 2021 жылғы күзінде Энергетика министрлігі мен «Шеврон» компаниясы арасында 248,5 млн. АҚШ доллары сомасында инвестиция құю қорын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес жүзеге асырады.

Құрылған компанияның миссиясы – ақпараттық және цифр­лық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, мұнай-газ саласына тауар өндіру және қызмет көрсе­ту сияқты әртүрлі салалардағы жергілікті коммерциялық кә­сіп­орындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан экономикасына қолдау көрсету.

Компания жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпорындарды дамыту, тәжірибе мен технологияны алмасу арқылы жергілікті қамтуға инвестиция құюды жоспарлап отыр. «Біз инвестициялық жобаларға қойылатын нақты критерийлері мен талаптары бар және де жобаларды іріктеу процесі тиімді ұйымдастырылған «Шеврон» компаниясының тәжірибесі мен сараптамасы – қазақстан­дық кәсіпкерлер әлеуетінің өсуіне және тартымды бизнес-жобалардың дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз», – деді энергетика министрі Болат Ақшолақов.

«Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің қаржы жөніндегі бас менеджері Дэймон Торнбергтің айтуынша, компания Қазақстанда қолай­лы экономикалық кірістілік, ел экономикасына оң әсер ету, жобалардың Қазақстанның стратегиялық жоспарларына және «Шеврон» компаниясының коммерциялық және техника­лық талаптарына сәйкестігі сияқты негізгі көрсеткіштерге сай келетін тартымды жобаларды инвестиция құю үшін қарастырып жатыр.

2021 жылдың аяғынан бастап компанияның инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтініштерді қабылдайтын www.cdif.kz сайты жұмыс істейді.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

115 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы